Фото: Polisia.kz
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасаған күдіктілер тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
«Бопсалау деректері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», деді облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.
Құны 17 миллиондық көлігін алып қойған: Талғарда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды