Фото: sputnik.kz
2035 жылға дейін сейсмикалық тұрғыдан қауіпті деп танылған 51 тұрғын үйдің беріктігі, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі 82 нысан – мектептер, балабақшалар және басқа да әлеуметтік мекемелер тексеріліп, қажет болған жағдайда олардың сейсмикалық төзімділігі күшейтіледі.
Сонымен қатар қала билігі жеке меншік ғимараттардың иелерімен олардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Әзірге күшейтілетін тұрғын үйлердің нақты мекенжайлары жарияланбаған.
Ерте ескерту станцияларының саны артады: ТЖ кезінде қабылдау пункттері көбейеді
Қазіргі уақытта Алматыда жер сілкінісі туралы 30 ерте ескерту станциясы жұмыс істейді. Тағы 40 станция қалалық жүйеге қосылып жатыр.
Бұл станциялар дабыл сиреналарымен және Mass Alert сервисімен біріктірілген. Төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындардың ұялы телефондарына бірнеше секунд ішінде ескерту хабарламасы жіберіледі.
Алматының барлық ауданында халықты қабылдайтын 384 қабылдау орны дайындалған.
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Өткен жылы 20 мың адамға арналған 100 модульдік ғимарат орнатылды. Биыл тағы 50 модульдік нысан салынады. Осыдан кейін қала бір мезгілде 30 мың адамды қабылдай алады.
Қабылдау пункттері шатырлармен, электр генераторларымен, далалық асүйлермен және тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті құралдармен жабдықталады.
Екі жаңа орталық ашылады
Алматыда тағы екі жаңа жоба жүзеге асырылады.
Біріншісі – Қазақстан-Қытай жер сілкіністерін зерттеу орталығы. Бұл орталықта сейсмикалық қауіп-қатерлер зерттеледі.
Екіншісі – Қазақстандағы алғашқы симуляциялық оқу орталығы. Мұнда тұрғындар арнайы тренажерлардың көмегімен жер сілкінісі, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін тәжірибелік түрде үйрене алады.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болған еді.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Тараз қаласында жер асты дүмпуі 2 балл шамасында сезілген болатын.