Әлем •

Парагвайлық сенатор Мбаппеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті

1 мин
оқу үшін

Парагвай сенаторы Селеста Амарилья Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің үстінен сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, футболшының матч алдындағы мәлімдемелері мен ойын барысындағы әрекеттері парагвайлықтарға құрметсіздік ретінде қабылданған. Сенатор Мбаппенің «Қажет болса, қолымызды былыққа тығамыз» және «олардың бояуын кетіреміз» деген сөздері Парагвай құрамасы мен халқын кемсітуге бағытталған деп есептейді, деп жазады Egemen.kz.

Парагвайлық сенатор Мбаппеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті

Селеста Амарилья сондай-ақ матч кезінде француз шабуылшысының қарсылас ойыншыларға тәкаппарлық танытқанын айтып, оның аузынан шыққан испан тіліндегі балағат сөздің Латын Америкасы елдерінде ауыр қорлау саналатынын жеткізді. Осыған байланысты ол Мбаппеден ресми түрде кешірім сұрауды талап етіп, талап орындалмаса, гендерлік зорлық фактісі бойынша сотқа жүгінуі мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін сенатор 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Франция – Парагвай кездесуінен кейін Мбаппені парагвайлық қақпашы Орландо Хильдің қолын алмағаны үшін де сынға алған болатын.

Аталған кездесудің 70-минутында Мбаппе пенальтиден мүлт кетпей, әлем чемпионаттарындағы гол санын Лионель Мессидің көрсеткішіне жеткізді.

Соңғы жаңалықтар