Қоғам •

Қазақстан азаматтары БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз ауыстыра алады

1 мин
оқу үшін

25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандум күшіне енеді. Құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен ауыстыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз ауыстыра алады

Жаңа тәртіп екі жағдайда қолданылады. Біріншіден, Қазақстан азаматтары БАӘ аумағында уақытша жүрген кезде, яғни туристік немесе қызметтік сапар барысында жарамды жүргізуші куәлігімен жеңіл автокөлік жүргізе алады. Екіншіден, егер ел азаматы БАӘ-де тұруға ықтиярхат алса, жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ жергілікті үлгіге ауыстыруға мүмкіндік беріледі.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін сол елде тұруға ықтиярхат, В немесе В1 санатындағы жүргізуші куәлігі мен оның ресми аудармасы, медициналық тексеруден өткені туралы құжат қажет. Сондай-ақ өтініш берушінің жасы 18 жастан асқан болуы тиіс.

Бұл жеңілдік тек жеңіл автокөлік жүргізушілеріне қатысты болмақ. Ал автобус пен жүк көлігін басқаруға арналған жүргізуші куәліктерін рәсімдеу тәртібі әр елдің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Енді жүргізуші куәлігі мен көлік нөмірін үйге тапсырыспен алуға болады

Еске сала кетейік, бұған дейін екі ел арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандумға қол қойылғанын жазған болатынбыз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Біріккен Араб Әмірліктеріне елімізден жыл сайын 400 мың турист барады, ал 14 мыңға жуық отандасымыз осы елде тұрақты тұрады.

Соңғы жаңалықтар