Енді жаңа жүргізуші куәлігін алатын азаматтар механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар кез келген көлікті заңды түрде басқара алады. Бұған дейін автоматты көлікпен емтихан тапсырған жүргізушілердің құжатындағы «Ерекше белгілер» бөлімінде тиісті шектеу көрсетілетін еді.
Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымнан бастап жазғы шинаға көшу міндетті
Мамандардың айтуынша, бұл норма ескірген деп танылды. Өйткені Қазақстандағы автомобиль нарығында да, екінші нарықта да автоматты беріліс қорабы бар көліктердің үлесі басым.
Алайда бұрын берілген жүргізуші куәліктерінде мұндай белгісі бар азаматтарға жаңа өзгеріс бірден қолданылмайды. Олар құжаттарын жоспарлы түрде ауыстырғанға дейін тек автоматты беріліс қорабы бар көліктерді жүргізе алады.
Жүргізушілер алаңдаулы: Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге тексеру күшейді
Сонымен қатар елде көлік құралдарын тіркеуге қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Енді ел азаматтары пайдаланылған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін туыстарына мұраға қалдырады немесе сыйға тарта алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек сұранысы жоғары нөмірлерге ғана берілген болатын.