Заң мен Тәртіп •

ҰҚК: Қостанай облысында ірі көлемдегі вейп контрабандасының жолы кесілді

1 мин
оқу үшін

29 маусымда Ұлтық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz

ҰҚК: Қостанай облысында ірі көлемдегі вейп контрабандасының жолы кесілді

Фото: ҰҚК

Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды.

кнб2

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Ақмола облысында вейптерді заңсыз сатқан қылмыстық топ ұсталды

Еске саламыз, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар