Заң •

Жемқорлық істері: Мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген

1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды тіркеді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жемқорлық істері: Мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген

Фото: Ерлан Омар|egemen.kz

Сыбайлас жемқорлық фактілері:

  • 97 парақорлық;
  • 9 алаяқтық;
  • 8 лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану;
  • 7 жымқыру;
  • 3 қызметтік жалғандық жасау;
  • 1 билікті асыра пайдалану.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті анықталды. Сонымен қатар 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы – 4,7 млрд теңге. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділетті қоғам кепілі

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған еді.

Соңғы жаңалықтар