Фото: Видеодан алынған кадр
Әйелдің айтуынша, мысығын кәдімгі жүк таспасына шығарып жіберген. Чемодандар бірінің үстіне бірі құлап жатқан жерде тасымалдағыш та аударылып, бірнеше рет домалап кеткен. Болған жағдай жануарға ауыр күйзеліс әкелген. Өзі де мұндай қызмет сапасына ашулы екенін жеткізді.
«Бұл – жүк емес, тірі жан. Жануарларға қалайша бұлай немқұрайды қарауға болады? Мысық қатты күйзеліске түсті, ал мен мұндай «қызметке» ашулымын», деді жолаушы.
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сондай-ақ ол әуе компаниясын жануар тасымалына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Егер жануарларды тасымалдауды мойындарыңызға алсаңыздар, оларға адамша қарауды үйреніңіздер», деп жазды ол.
Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері
Оқиғаға байланысты Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасы тексеру жүргізіліп жатқанын, нәтижесіне сәйкес қолданыстағы заңнама аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізілетіні туралы хабарлағанбыз.