«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты

«Таза Қазақстан» − елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық бастама. Жобаның негізгі мақсаты − табиғатты аялау, қалалар мен ауылдардың тазалығын сақтау және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру.

«Таза Қазақстан»: Бір күнде елімізде 46 мың гектардан астам аумақ тазартылды

Осы бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан Келешек мектептерінің оқушылары да белсенділік танытып жатыр. Бұл бастама жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.

ч

Сенбілік барысында оқушылар мектеп аумағын ғана емес, жақын маңдағы қоғамдық кеңістіктерді де тазалап, табиғатты аялаудың нақты үлгісін көрсетті. Ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына баса мән берген өңірлер де бар.

Аталған жоба Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатыр.

Соңғы жаңалықтар