Спорт • Кеше

Футболшы Златан Ибрагимович Тайсон Фьюримен шаршы алаңға шығады

1 мин
оқу үшін

Швеция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович ауыр салмақтағы бұрынғы WBC, WBO, IBO, WBA Super, The Ring, IBF әлем чемпионы, британиялық Тайсон Фьюримен жекпе-жек алдындағы бетпе-бет шайқасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Футболшы Златан Ибрагимович Тайсон Фьюримен шаршы алаңға шығады

Фото: Ibra_official

«Жекпе-жек 1 тамызда Ирландияның Дублин қаласында өтеді. Бокстың ұлы атағын қайта бір асқақтатамыз», - деп Ибрагимович өзінің Х әлеуметтік желісінде қарсыласымен түскен суреттерін жариялады.

Златан Ибаргимович постына түрлі пікір білдіріп жатқандар көп: «Златан бокспен айналасатын болса, әлемнің барлық боксшылары зейнетке шығатын болар», «Златан жекпе-жек нәтижесін біліп тұрғандай», «Бұл – хайп. Олар шықпады», «Тайсон Златаннан алғашқы соққысын алғандай жымиып тұр» деген сияқты пікірлер қарша бораған.

Тайсонның жасы 37-де. Британиялықтың кәсіпқой мансабында 35 жеңіс бар. Оның 24-і нокаутпен аяқталған. Екі рет жеңіліп, тағы бір жекпе-жегі тең аяқталды.

Ал 44 жастағы Ибрагимович футболдағы мансабын 2023 жылдың жазында аяқтады. Швед ойыншысы «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында өнер көрсетті. Оның соңғы командасы «россонери» болды. Бұған дейін УЕФА тарапынан швед жігітіне көрнекті футболшы болғаны үшін арнайы марапат берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар