Филиппиндегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 55 адамға жетті
<p><strong>Филиппиннің Минданао аралы жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 55 адамға жетті. Тағы 1 120 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Филиппиннің билігі аралда іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
Елде табиғи апат салдарынан шамамен 1,9 мың ғимарат зақымданған. Олардың қатарында мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық нысан толықтай қираған.
Жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі – Хенераль-Сантос қаласында төтенше жағдай режимі жарияланған.
Сонымен қатар халықаралық әуежай да зақымданып, бірқатар рейс кейінге шегерілген. Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы апат салдарын жою жұмыстарын жеделдету үшін әуежайды пайдалануға рұқсат берген.
Еске сала кетейік, Филиппинде 8 маусымда магнитудасы 7,8 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 32 адам қаза тауып, Жапония жағалауларына цунами қаупі төнген еді.
