Қоғам • Бүгін, 18:44

Алматыда сауда орталығының қоймасында жүк көлігі ер адамды қағып өлтірді

1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ірі сауда орталығының жерасты қоймасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда сауда орталығының қоймасында жүк көлігі ер адамды қағып өлтірді

Алдын ала мәлімет бойынша, қойма аумағына кіріп келе жатқан ГАЗель автокөлігі 1980 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Жүк көлігі оны бірнеше метр жерге дейін сүйреп кеткен.

Алған ауыр жарақаттарының салдарынан зардап шегуші жедел жәрдем қызметі келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. 

 
Соңғы жаңалықтар