Технология • Бүгін, 12:47

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізіліп жатыр. Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады

Саланы цифрландыру және агротехнологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрілігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп егін егу барысы туралы деректерді жинауға арналған платформа әзірлеп шығарған. Платформа қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік. Онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардың қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр», деді Азат Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар