Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Ғалым еңбегі атақпен бағаланбайды

1001 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Ел дамуында білім мен ғылымның орны бөлек. Білімі биік, ғылымы дамыған жұрт оның игілігін көріп отыр. Елбасы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры», деп барлық мүмкіндікті жасап келеді. Осындай айтулы істі атқарудың нақты бағыт-бағдарын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да қозғап, жаңару негізін білім қалайтынын атап айтты. Біз осыған орай, «Президенттің бес институттық реформасының 64-қадамындағы көрсетілген бағдар қалай атқарылып жатыр?» деген сұрақты Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВКЕ қойған едік. 

Ғалым еңбегі атақпен бағаланбайды

– Ұлт жоспарының 64-қа­дамында «Өндіріске иннова­циялар енгізу жөніндегі жұмыс­тарды қаржыландыру тетіктері бар» ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін ком­мер­цияландыру туралы» заң әзір­ленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құры­лым­­дары индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекет­тік бағдарламасының қа­жет­тілігіне орай қайта бағыт­та­ла­ды» деп көрсетілгені бел­гі­лі. Осы­ тапсырмаға орай, 2015 жыл­­­дың  31 қазанында «Ғы­лы­ми және (немесе) ғы­лы­­ми тех­ни­ка­лық қызмет нә­тижелерін коммерцияландыру туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес бірқатар жұмыс атқарылды. 

Дамыған елдердің тәжіри­бесі көрсет­кендей, экономика ғылыми жетістіктерге не­гіз­делгенде ғана бәсекеге қабі­летті болады. Сондықтан, ғы­лы­ми зерттеулердің сапасын арттыру, ғалымдардың ғы­лы­ми әлеуетін көтеру үлкен маңызға ие. 

Дамыған елдердің тәжіри­бесі көрсеткендей, экономика ғы­лы­­ми жетістіктерге не­гіз­дел­генде ғана бәсекеге қабі­летті бо­ла­ды. Сондықтан, ғы­лы­ми зерт­теулердің сапасын арттыру, ғалымдардың ғы­лы­ми әлеуетін көтеру үлкен маңызға ие. 

Біріншіден, ғылыми жә­не (немесе) ғылыми-техни­ка­лық қызмет нәтиже­лерін ком­мер­ция­ландыру мақса­тында гранттық қаржылан­дыру қарастырылды, екін­ші­ден, «Ғылым қоры» АҚ ғылы­ми және (немесе) ғы­лы­ми-техникалық қызмет нәти­желерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудың операторы ретінде айқындалды. Сол секілді заң шеңберінде «Ғы­лы­ми және (немесе) ғылы­ми-техникалық қызмет нәти­желерін коммерцияландыру жо­­ба­ларын қаржыландыру қағи­далары», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қыз­мет нәтижелерін коммерция­ландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары» бойынша Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрықтары шықты. Осы орайда, «Ғылым қоры» АҚ 2016 жылы ғылыми-тех­ни­калық қызмет нәтиже­ле­рін коммерция­ландыру жо­ба­ларын гранттық қаржы­ландыру бойынша алғашқы конкурсын жүзеге асырды. Кон­курс шеңберінде Қа­зақ­станның 18 қаласында ғы­лы­ми, академиялық және бизнес қауымдастығының өкіл­де­рімен кездесулер ұйымдас­ты­рылып, 579 әлеуетті өті­нім­ бе­рушілерге кеңестер ұсы­ныл­ды. Конкурсқа 337 өті­нім ке­­ліп түсті, оның ішінде 32 өті­нім Ұлттық ғылыми кеңесте ма­құл­данып, қазіргі таңда жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылуда. 

2017 жылы «Ғылым қоры» АҚ ғылыми-техникалық қыз­мет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру үшін жаңа конкурс жариялап, өтінімдерді қа­былдау бойынша жұмыстар бас­­талған еді. Өтінімдерді қа­был­дау мерзімі 2017 жылдың 12 маусымынан басталып, 26 шіл­деде аяқталды. Жаңа кон­курс нәтижесіне орай, жоба­лар­ды қаржыландыру мерзімін ағым­дағы жылдың қараша айы деп белгілеп отырмыз.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасын­дағы келісім шеңберінде «Өнім­ді инновацияларды ын­та­лан­дыру» жобасы жүзеге асы­рылуда. Жо­бада 2016 және 2017 жылдары аға ғылыми қыз­меткерлер және кіші ғы­лыми қызметкерлер үшін грант бағдарламасы бо­йын­ша екі конкурс өткізілді. Ғы­лым және коммерцияланды­ру жө­ніндегі халықаралық ке­ңес мү­шелерімен үш жылдық мер­­зімге 50 жоба іріктелініп алын­ды. 2016 жылғы конкурс қорытындысы бойынша 4,0 млрд теңге қаражат көлемінде 23 жобамен грант жөніндегі келісім жасалды. Ал, 2017 жылы іріктеліп алынған 21 жобаға 3,9 млрд теңге көлемінде грант беруге қатысты келісімдер жасау жұмыстары жүргізілуде. 

Ғылыми-техникалық қыз­мет нәтижелерін коммер­ция­лан­дырудың негізгі қаты­су­шы­лары – ғалымдар, жеке кәсіп­керлік субъектілері, сон­дай-ақ, сервистік компания­лар, техно­логиялық парктер мен коммер­цияландыру орта­лықтары. Бас­ты жоба­лар­ға ғалымдар ғана емес, кәсіп­кер­лер тарапынан да үл­кен қызы­ғушылық барын айтуға тиістімін. Мысалы, аталған конкурстардың нәти­же­сінде жүзеге асырылып жат­қан жобаларға бизнес тарапынан 1,2 млрд теңгеден астам қо­сым­ша қаржыландыру мә­се­­лесі шешімін тауып отыр. Жо­баларды іске асыру қо­ры­тын­дысы бойынша бол­жам­мен іске асырылатын өнімнің (көрсе­тілетін қызметтің) жыл сайынғы көлемі 4,47 млрд теңгені, салық аударымдары 390,4 млн теңгені құрайды деп межеленген. 

– Коммерцияландыру ісі қан­­дай салаларда, қан­дай ба­ғыт­тар бойынша атқа­рылып отыр?

– Соңғы жылдары ғылым­ды қажет ететін ел экономика­сын құру міндетін ше­шу үшін мемлекеттік дең­гейде бел­­сен­­ді қадамдар жүргі­зіліп ке­леді. Қазіргі кезде халық­ара­лық озық прак­тикаға жоға­ры тұр­ғы­да бейімделген, ғы­лым­ды басқарудың жаңа мо­делі анық­талған «Ғылым туралы» заңды жүзеге асыру жұмыстары жақсы қарқын алуда.

2015 жылы қабылданған «Ғы­­лыми және (немесе) ғылы­ми-­техникалық қызметті ком­мерцияландыру туралы» заң­ ғы­­лым мен бизнестің өз­­ара әрекеттесуінің жаңа ме­ха­низмдерін жасауға, ғы­лыми зерттеулердің нәти­же­лі­лі­гін кө­теруге, практика­лық тұр­ғы­да жүзеге асуына, өн­діріс­ке ғылымды қажет ете­тін технологияларды ендіру мен өнер­кәсіптік секторларды ғылыми жобаларға қатысуға ықпал етуге бағытталған.

Коммерцияландыру жобалары гранттық қаржыландыру шеңберінде атқарылып жат­қанын жоғарыда айтып өттім. Жобалар негізінен азық-түлік, агро­өнеркәсіп кешендері мен­­ ауыл­шаруашылық өнім­де­рін, ақпараттық, телеком­муникациялық, электр құрыл­ғыларын, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйым­дар, фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды әзірлеу, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, металлургия салаларына бағытталған. Сондай-ақ, машина, ағаш бұ­йым­дарын және минералды өнім­дерді шығаруға арналған бір­қатар жоба бар. 

Ағымдағы жылы өткізіліп отырған конкурсқа ұсынылған бағыттар 2015-2019 жылдарға ар­­налған Қазақстанның ин­дус­­­триялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағ­дар­ламасына және Елбасының «Қа­­зақ­станның үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауына сәй­кес бекітіліп, жүзеге асып жатыр. 

– Ғылыми жаңалық­тар­дың өндіріске енуі туралы не­ ай­­­­та аласыз? Бұл туралы нақ­­­ты мысалдар келтіре кет­­­­се­ңіз құба-құп. Отандық оқы­­­­мыс­тылардың ашқан жа­ңа­­лықтарының шет мемлекеттерге таралуы қандай дә­ре­жеде? 

– Ғылыми жаңалықтардың өндіріске енуі әлі көңіл көн­шітпей тұр. Бұл мәселе Қа­зақ­­станға ғана тән құбылыс емес. Бұрынғы ТМД елдеріне де тән жағдай. Кеңес дәуірінде ғы­­лыми жаңалықты өндіріске қо­су жүйесі бөлек еді. Қа­зір на­рықтық қатынастар орын алған тұста ғылыми әзір­лемелерді тұты­нушыларға жеткізуде өзге­шеліктер бар. Кеңес заманында ға­лым тек ғылыми зерттеу жұ­мыс­тары­­мен ғана айналысатын. Аш­­қан ғылыми жаңалығын өн­діріске енгізу мәселесі басқа ұйым­дардың еншісінде болатын. Бүгінгі уақыт талабы ғы­лыми әзірлемені өндіріске енгізу ісінде ғалымның өзі болуы қажет. Яғни ғалым заман талабына сай маркетолог, экономист пен есепші, тіпті заңгер мен зияткерлік меншік құқығы бойынша жақсы маман болуы қажет. Осы бағытта ғалымдарға көмек ретінде әрбір жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарынан қосымша арнайы бөлім – технологияларды коммерцияландыру кеңселері ашылуда. Оның басты мақсаты, ғалымдарымыздың ашқан жа­ңа­лықтарын нарықтық айна­лымға немесе өндіріске тосқауылсыз жеткізу.

Жоғарыда айтқанымдай, 2015 жылғы 31 қазандағы заң­ға сәйкес ғалымдар мен өнер­тапқыштар, яғни авторлар өз­де­рінің ғылыми-техникалық зерт­теу кезіндегі қол жеткен нәтижелерін коммерцияландыру барысында түскен табыстан тиісті өз үлесін алуға құқылы.
Отандық ғалымдардың аш­қан жаңалықтары өз елі­міз ар­қылы шет мемлекеттер­ге та­­ра­­лу дәрежесі әлі де жо­ға­­ры дең­­гейге жетпей жатыр. Эконо­микалық ынты­мақ­­­тас­тық және даму ұйы­мы­ның деректері бо­йын­ша қазақстандық техно­ло­­­гиялардың шетелдерде ком­­­­­­­мер­­­­ция­ландыру ісі төмен көр­­сет­кішке ие. Дегенмен, жа­ңа заң ғалымдардың зерттеу нәтижелерін коммер­ция­ландыруға жол аша бастады. Оның оң нәтижесі туралы жоғарыда дерек келтірдім. Осы үрдіс алдағы уақытта жал­ғаса береді деп ойлаймыз. Отан­дық оқымыстылардың жаңа­лықтарын өндіріске енгізу бо­йын­ша Білім және ғылым ми­нистр­лігі біраз игілікті істерге ұйытқы болуда. Мәселен, қазақ­стандық генетик, «InnoDent» компа­ниясының жетекшісі Бауыржан Айтуов тіс эмалін табиғи түрде қалпына келтіретін жаңа препарат ойлап тапты. Осы ғылыми жетістіктің арқасында тіс дәрігерлері тісті темір құ­рал­сыз-ақ ауыртпай емдеуге­ мүм­кіндік алды. Препарат Ұлыбританияда әзірленіп, кли­ни­калық сынақтан өткізіл­ді. Қа­зақстандық клиникалар бұл бірегей жобаны сынап көрді. Қазірдің өзінде стоматологтар мен ем алушылар оң бағасын беріп жатыр. Инвес­­тиция нәти­жесінде қол жеткен құрал Швей­царияда патенттелді. Қазір препаратты Астана мен Алматы тіс дәрігерлері қолдана бастады. Бо­лашақта шетел нарығына шы­ғару үшін жұмыстар жүр­гізілуде.

Осы жаңалықты өнді­ріске енгізіп, жүзеге асыру үшін Ба­уыр­жан Айтуов Дүние­жүзілік банк­пен жасалған келісім шең­берінде Білім және ғылым ми­нистр­лігінің жанындағы «Технологияларды коммерция-ландыру» жобасына қатысу ар­қылы мемлекет тарапынан бө­лін­ген грантқа қол жеткізді.
Мемлекет басшысының тап­­­сыр­масына сәйкес ғылым­ды қажет ететін экономиканы құру­дың негізі ретінде инно­ва­циялық кластерлерді дамыту жоспарлануда. 

2012 жылдан бастап Назарбаев университеті жанын­да зият­керлік-инно­ва­ция­лық клас­тер дамытылу үстінде. Оның негізгі міндеті – универси­тет ғылымы мен өндіріс арасын­дағы байланысты дамыту, сон­дай-­ақ, ғы­­­лыми зерттеулер нә­ти­­же­­лерін еркін сауда ай­на­лы­мына шығару. Кластер құрамына инновациялық ин­фра­құрылымның 4 элементі кі­ре­ді. Қазіргі уақытта «Биз­­нес-­инкубатор», «Комерция­лан­дыру офисі» және «Техно­парк» жұмыс істейді. Ал 2018 жыл­дан бастап «Astana Business Campus» ғылыми паркі іске қосылады. Бұл – Назарбаев университетінің қазақ­стандық және шетелдік компанияларды бір жерге бі­ріктіретін, ғылымды қажет ете­тін шағын және орта бизнесті қолдайтын ғалымдар, бизнесмендер, қаржыгерлер, студенттер және өнертапқыштардың венчурлық қорларын, аса құн­ды жаңалықтарды жүзеге асыратын инновациялық кластер.

Мемлекет басшысы «Қа­зақ­­­станның мейлінше дамы­ған әлем мемлекеттерінің 30-ды­ғына кіруі» атты Даму­шы на­рықтардың еуразия­лық форумында жасаған баяндамасында «Мен қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің химияда, генетикада, физикада және техникада әлем­дік көшбасшылар тарапынан мойындалғанын, ал кәсіпкерлеріміз жаңа технологияларды қолдануда көш­бас­шылар болғанын қалай­мын. Қазақстандықтар өмір сү­ру­дің жоғары стандарттарына ие әлемдегі аса сала­мат­ты ұлттардың бірі бола­ды деп үміттенемін. Да­ми және өр­кендей отырып, бей­бітсүйгіш ел және сенімді әріп­тес болып қала оты­рып, Қазақстан әлемдегі же­текші елдер қата­рынан табы­латын болады. Бұ­ған мен күмән­данбаймын!» деген болатын. 
Алдағы уақыттарда отан­дық ғалымдарымыздың ашқан жаңалықтары шет мемлекеттерде үлкен маңызға, зор сұра­ныстарға ие болады деп ойлаймын.

– Отандық өндірістердегі ғылыми сараптауларға ға­лым­­­да­­рымыздың қатысуы қай дәре­жеде?

– Коммерцияландыру жо­ба­­ла­рын гранттық қар­жы­лан­­­­дыру конкурсына бері­ле­тін ұсы­ныс­тар тәуел­сіз тех­­­ноло­гия­лық және эко­но­микалық (мар­кетингтік) сараптамалардан өте­тінін атап айтқанымыз жөн. Сарапшылар ретінде ғылыми мекемелерде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар, түрлі өндіріс сала­ларындағы мамандар тартылады. Қазіргі таңда «Ғылым қо­ры» АҚ еліміздің бар­лық өңірлеріндегі 600-ден ас­там сарапшылармен білікті жұ­мыс жасауда.

– Ғылыми атақ алудың бұ­­рын­­ғы тәсілі өзгерді. Қа­зір­­гі жа­йы қалай? Жалпы, елі­міз бойынша қанша академик, ғылым докторы,­ ғы­лым кандидаты, РһD доктор­лары бар? Бұл күндері жұрт­шылық арасында қаптаған академиктер туралы түрлі бай­ламдар айтылып жүр. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай? 

1992 жылдан 2011 жылға дейін 10409 ға­лым­ға немесе жылына 500 ізденушіге ғы­­лыми атақ берілсе, 2012-2016 жылдары ішінде ғылыми атақ беру 261-ге қыс­қарды. Кәсіби қызметтерін есепке ала оты­рып, өнер, дене шынықтыру және спорт, әскери саладағы қызметкерлер үшін жеке нормалар жазылғанын еске сала кетейін.

– Тәуелсіздік алғаннан соң­ Отанымызда Жоғары ат­тес­та­циялық комиссияның құрыл­ға­ны белгілі. Қазір елімізде 6094 ғылым докторы, 21706 ғы­лым кандидаты, барлығы 27800-ді құрайды.

2014 жылдан бастап Қазақ­стан ғылыми кадрларды да­йын­даудың көне кеңестік жү­йесінен Болон конвенциясына негізделген жаңа жүйеге көш­­ті. Әлемнің алдыңғы қа­тар­лы дамыған 30 елі (АҚШ, Ұлы­британия, Германия, Аус­тралия, Франция және т.б.) осы жүйеде ғылыми кадрларды даярлайды. Осы елдерде ғылым қарқынды даму үстінде және олар әлемдік ғылымның да­муы­­на сүбелі үлес қосып отыр.

Қазіргі уақытта Scopus жә­­не Thomson Reuters – ең өзек­­ті ғылыми жаңалықтарды тір­­кейтін кең көлемдегі ғы­лы­­ми-­ақпараттық база. Біз­дің­ ғалымдардың ашқан жа­ңа­лық­тарының осы базада тір­келуі зор маңызға ие. Сон­дықтан, қазір нәтижелі тұрғыда ғы­лыммен айналысу және ға­лым болу үшін қойылатын талаптар жоғары болып отыр.

2011-2016 жылдар аралы­ғында жаңа докторант түлек­тердің саны 2718 адам болды. Олардың ішінде 1592 диссертация қорғағандар, 1481 философия докторы (PhD) бар. Қа­уымдастырылған профессор (до­цент), профессор ғылыми атақтарына үміткерлерге талаптар едәуір өзгерді. Ол ға­лым ізденушілердің ғылыми құ­зы­реттілігін арттыруға, сон­дай-­ақ, олардың ғылыми ізденістеріне дәлме-дәл бағыт­талған.

Қазіргі уақытта бұрынғы нор­малармен салыстырғанда атақ алу үшін үміткерлерге қажет­ті талаптар күшейтіліп, ғылы­ми мақалаларға қойы­латын талап пен талғам да артты. Доцент атану үшін 3-тен 14-ке дейін, профессор жоғары дәрежесіне жетуге зерттеу ең­бектерінің қорытындысын көр­сететін 5-тен 28-ге дейін ма­қалалар жариялау керек. Бұл өз­геріс сан қууды емес, сапаны дәйектеуге негізделген. Атап айт­­­қанда, ондай мақалалар мәлі­меттер базасына (Скопус) енген, рецензияланатын шетел­дік жур­налдардағы және импактфакторы (Томсон Рейтер) бар басылымдарда ғана жария­лануы керектігі талап етіледі. 

Егер шетелде шыққан мақа­ла­лары сұранысқа сай болған жағдайда, доценттің орнына про­фессор атағына үміткер бо­луға мүмкіндік беріледі. Бұдан бас­қа, екі есе қажетті ғылыми қыз­­­меттің өтілі қысқарды. Алай­­­­да үміткердің жоғары оқу­ орнында немесе ғылыми-зерт­­теу институтында үзіліссіз ең­бек өтілі болу керек. Мұндай тәсіл ғылыми атақтар санының қысқаруына алып келді. 

1992 жылдан 2011 жылға дейін 10409 ғалымға немесе жылына 500 ізденушіге ғы­лыми атақ берілсе, 2012-2016 жыл­дары ішінде ғылыми атақ беру 261-ге қысқарды. Кәсіби қызметтерін есепке ала отырып, өнер, дене шынықтыру жә­не спорт, әскери саладағы қыз­меткерлер үшін жеке нормалар жазылғанын еске сала кетейін.

Бұл арада ғалым еңбегі ғы­лыми атақпен бағалан­бай­тынын айта отырып, не­гіз­гі желі ғылыми зерттеу жұ­мы­сының нәтижесімен өл­шенетінін еске сала кетсем деймін. 

Соңғы бес жылда отандық ғалымдарымыздың ізденістері мол. Ашылып жатқан тың жаңалықтары да баршылық. Ендігі жерде индустриялық-инновациялық бағдарламаға сай сол жаңалықтарды өнді­ріске енгізіп, нәтижесін игі­лікке жарату бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Осыған дейін айтқанымдай, енді зерттеуші ғалым өндіріспен тікелей байланыс жасап, түскен табыстан өзіне тиесілі үлесті алады. Яғни «Еңбегіне қарай өнбегі» болады. Бұл дегеніңіз еткен еңбектің нәтижесі өз жемісін береді деген сөз. 

Әңгімелескен 

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»