Әлем • 13 Қазан, 2017

«Миланның» бұрынғы ойыншысы өз елінің президенті болып сайланды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 1995 жылы «Алтын доп» сыйлығына ие болған Джордж Веа Либерия Республикасының жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.

«Миланның» бұрынғы ойыншысы өз елінің президенті болып сайланды

Либерия елінде президент сайлауы сейсенбі күні өткен болатын. Оған халықаралық мамандар да ат салысқан. Мәліметтерге сәйкес, 2,1 миллионнан астам дауыс бергені анықталды. Нәтижесінде, 51 жастағы Джордж Веа жеңіске жетті. Оның республиканың қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайдан асып түскені анықталды. Осылайша, Джордж Веа мемлекет басшысы қызметіндегі Элен Джонсон-Серлифті ауыстыратын болды. Осыған дейін Джордж Веа 2005 жылы да президентік сайлауға түскен. Алайда ол сайлауда қазіргі президент Элен Джонсон-Серлифтен жеңіске жеткен болатын.

Джордж Веа үлкен футболда 1981-2003 жылдар аралығында шабуыл шебінде өнер көрсеткен. Кәсіби карьерасында «Монако», «Пари Сен Жермен», «Марсель», «Челси», «Манчестер Сити», «Милан» секілді үлкен клубтарда ойнаған.

Футболдағы жетістіктері де аз емес. Италияның екі дүркін чемпионы, Франция чемпионы және Франция кубогының үш дүркін жеңімпзы, Англия кубогының иегері атанған. «Алтын доптан» бөлек 1995 жылы ФИФА-ның ең үздік футболшысы атанған. Бұдан бөлек үш мәрте Африканың ең үздік футболшысы атағына да ие болды.

Кәсіби карьерасын 2003 жылы аяқтағанмен, 2007 жылы Либерия ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізген. Ең соңғы командасы «Әл-Жазира» (БАӘ, 201-2003 жылдар) болды. Үлкен футболдан кеткеннен кейін саясатқа бет бұрып, гуманитарлық және қоғамдық қызметпен шұғылданды.