Жанар-жағармай мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданды

Еліміздің кезекті рет жанар-жағармай тапшылығына ұшырағаны бәрімізді де алаңдатып отыр. Бұл тапшылық оның бағасын қымбаттатудың айла-шарғысы екенін халық жақсы біледі.

Егемен Қазақстан
30.10.2017 6370
2

Кезінде мемлекет тапшылықты жою үшін жанар-жағармай жеткізушілердің басқа түрлерін іздеп, импорттың тізбесін өзгерткені және тағы басқа шаралар жасағаны да есімізде. Бірақ осы іспен айналысатын министрлік ақырында жанар-жағар май жеткізу жұмысын еркіне жіберді. Соның нәтижесінде 2015 жылдың шілдесінен АИ-92 бензинінің, ал 2016 жылдың тамызынан дизельді отынның бағасын реттеуден бас тартты.

Мәжілістің «Халық коммунистері» фрак­циясының 2014 жылғы күздегі жанар-жағармай тапшылығына байла­ныс­­ты сауалына берген жауабында Үкімет елі­міздегі барлық МӨЗ зауыт­тарын жаңа­ландыру жұмыстары аяқтал­ған соң мұн­дай келеңсіздіктерге жол берілмейді деп жауап берген. Ал оның мерзімі 2016 жыл­дың аяғы деген болатын. Осы жауапта тіпті 2017 жылдан бас­тап Қазақстан Еуро-4 және Еуро-5 мар­калы жоғары сапалы бензинмен қамта­масыз етіледі делінген еді. Сол уәде қайда қалды?

Бүгінгі таңда біз Үкіметтің опти­мистік болжамдарының бәрі шындыққа сай еместігіне көзіміз жетіп отыр. Елі­мізде мұнай өңдеу жұмысын дамы­ту­дың ұзақмерзімдік жоспары жоқ екен­дігі білініп тұр. Халық соның сорын татып, жанар-жағармайдың кезек­ті рет қымбаттайтындығына нара­зылық білдіруде. Ал олардың нара­зылығы әділетті екендігі даусыз. Мұнай өн­діруден әлемдегі алдыңғы қатарлы ел­дердің бірі бола тұрып, бензин тап­шылығына ұшырау кімді де болса алаң­датары сөзсіз. Оның үстіне жанар-жағармай бағасы қымбаттаса ол барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне соқтыратынын да халық біледі. Со­ның ішінде әлеуметтік маңызы бар тұты­ну заттарының қымбаттауы – халық нара­зы­лығын арттыра түсері сөзсіз. Ол ин­фл­яцияның да артып, теңгенің құнсыз­дана түсеріне жалғасатыны да белгілі.

Елбасы Н.Назарбаев бұдан үш жыл бұрынғы Жолдауында жанар-жағар­май тапшылығын болдырмас үшін қо­сым­ша МӨЗ салу қажеттігін айтқан еді. Бірақ Үкімет елдегі үш МӨЗ-ді жа­ңа­л­ан­дырудың өзімен бұл мәселені ше­шеміз деген қорытынды шығарды. Уақыт бұл шешімнің дұрыс еместігін көрсетіп отыр.

Осының үстіне жылыту маусымы басталғанда көмір мен газдың қымбаттап кеткені де халық наразылығын тудыруда. Жүз миллион тоннадан артық көмір өндіретін елде халықтың қапшықпен немесе сөмкелерімен оны тасып жүргенін көргенде ұяттан өрттенесің.

Осындай мәселелердің болу себебін анықтау мақсатымен Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, мына сұрақ­тарға жауап беруін өтінді:

1.Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жыл­дың 17 қаңтарында жариялаған Жол­дауында айтылған төртінші МӨЗ салу туралы тапсырмасын орындамау туралы бастаманы көтерген кім?

2.Мұнай өнімдерімен ішкі рынокты қамтамасыз етудің ұзақмерзімдік бағ­дары бар ма? Бар болса бұл бағдар оның бағасын көтермеуді қарастырған ба?

3.Мұнай өнімдерін жасау мен сату рыно­гындағы бәсекелестікті дамыту бойынша қандай шаралар қабылданған?

4.Азаматтардың монополияға, баға­ны көтеруге астыртын келісуге қарсы құқық­­тарын қорғау ісімен айналыса­тын өкі­летті органның 2016-2017 жылғы жұ­мыс­тарының нәтижесі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.

Бұл сұрақтардың жауабын білуге біздің де, халықтың да қақы бар деп санаймыз.

 

Айқын ҚОҢЫРОВ,

Мәжіліс депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу