Қыз инабаттылығымен қадірлі

«Отан отбасынан басталады» десек, әр кіші отанның ұйытқысы, берекесі – әйел. Діні мен ділі берік ел –  алынбас қамал.  Басқа елдердің жетістігі деп бағалаған арзанқол мәдениет үлгісі салт-дәстүріміздің тұнығын лайламасын десек, жастарға, әсіресе қыздарға дұрыс тәрбие беру – ортақ парызымыз. Өйткені кім-кім де болашақ әке, аға, әпке немесе ана.

Егемен Қазақстан
19.02.2018 11696
2

Қыз баланы төрге шығарған ұлтымыз болашақта ел анасы атанарына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен. Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына күш-қуат бітеді. Оларды қорғағысы келеді. Батыр атанған қазақ елінің ер-азаматтарын жігерлендіріп отырған осы нәзік жандыларды қорғау ниеті болатын. Өйткені ер мен әйел әрқашан бірін-бірі толықтырып отырған. Батыс елдерінің бала тумай, қара басының қызығы үшін өмір сүру үрдісі, әйелді ерден жоғары қойып, ерлерге тән қылықтарды насихаттауы дәстүрімізге кереғар. Бұл қоғамға еш мұқтажсыз еркекшора қыздарды алып келді. Бір хадис­те адамзаттың қай ұлтында, қай дәуірде болмасын, қандай қоғамдық заңдармен әйелдерге түрлі құқық бергенмен, ол Алла берген жаратылыс болмысына сай болмаса, оны бұзады, тағдырын қор етеді делінген екен. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның ішінде тіпті билік еткен әйелдер де болды. Алайда олар ешқашан да әйелдік болмысын жоғалтпаған еді. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан әр­қашанда нәзік болмысынан айнымауы қажет.

«Келіні жақсы үйдің кере­гесі алтын» демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзік­тікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық. Қай ата-ананы алсақ та, қызының барған жерiнде тастай батып, судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның ал­дын аттатпай өсiредi. Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақ­сы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де байланысты деп қарайды. Жа­ңа түскен жас келiнге енелерi қонақ күту, ас ұстау, бала күту сияқты мәселелерде үнемi ақыл-кеңес берiп, үйретiп отырады. «Келiннiң жақсы болмағы ене­сінен» деп ененiң жас келiнге қамқоршы болуын талап еткен. Әйел қандай биiк дәрежелi жұмыс iстемесiн, қайда болма­сын оның ең басты мiндетi – өмiр­ге ұрпақ әкелу, бала тәр­биелеу. Көп жағдайда отба­сының берiктiгi әйелге байланыс­ты. Әйел сабырлылығы, кешi­рiмдiлiгi, сыпайылығы сияқты қа­сиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ бақытын орната алады. Үлкендi сыйлау – халқымыздың ежелгi дәстүрi. Бұл дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы бо­луға, үл­кенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Қыз баланың ал­ғашқы ұстазы – анасы.

Қыздарға жан-жақты сұлу­лық, яғни жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей бол­ғаны жарасады. Жастықтың өзi сұлулықтың, нәзiктiктiң бел­гiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерек­ше көңiл бөлген. «Аттың көр­кi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыз­дың шашын дұрыстап күтiп-өсi­рудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру үшiн айранмен, қынамен жуған.  Шашты қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiл­дiредi. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат – жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу еді. Халқымыз қыз­дың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. Адамның мә­дениетi мен тәрбиесінің дең­гейi сырт бейнесiнен, киiне бi­луiнен де көрiнедi. Бiздiң эстетикалық мұратымыз – сырт көрiнiстiң әдемiлiгi мен рухани кемелдiлiктiң табиғи бiте қайнасуы. «Сырт пiшiннiң адам өмiрiндегi мәнi зор, – деп жазды А.С.Макаренко. – Ұқып­сыз, салақ адамды өз iсi мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбiне қиын. Киiне бiлу әде­мiлiгiнiң де жүрiс-тұрыс әдемiлiгiнен маңызы кем емес». Қоғамның дамуына байланысты киiмнiң сәнi де өзгерiп отырады. Адамның өз тұсындағы сәнге сәйкес киiне бiлуi әсем-кербез талғамына байланысты. Киiмнiң сәндi де жарасымды болуымен қатар, киiп барған жерiндегi жағдайға, отырған орнына, iстейтiн қызметiне сәйкес келуiн де ескеру қажет.

Қыздардың темекi тартуы, iшiмдiкке үйiрлiгi әдетке айналып бара жатқаны байқалады. Орынсыз киiну, орынсыз жү­рiс-тұрыс әйел затының әйел­дiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қы­лық екенiн естен шығаруға бол­майды. Адам жарасымды киiне бiлуi керек. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиян­ды ерсi әдет қай жерде де жет­кiлiктi. Қыс пен күздiң суық күн­дерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» деп  ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған. Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған. Анасы үнемі қыз ба­ланың тәрбиесіне көңіл бөліп, тазалық пен ибалықты, тәртіп пен имандылықты сақтауды қадағалап отырғаны дұрыс. Дұрыс тәрбие мен білімді ұштастырып, ұлын ұяға, қызын қияға қондыру ата-ананың басты арманының орындалғаны деп білуіміз керек. Бүгінгі таңда барлығы тең құқылы. Бірақ ана деген атқа сын келтірмей, әке рөлін жоғары қоя білген азаматша ұтады. «Бала – ата-ананың айнасы» деген сөз бекер емес, сондықтан ананың жауапкершілігі өте зор.

Адамның өзінің маңызды­лығын сезінуі тамақ ішу, ұйық­тау сияқты ең қарапайым, алайда ең қомақты қажеттілігі екен. Бұл қажеттіліктің орнын өмір бойы толтыра алмай өтетіндер де болады. Өмірдегі орнының барын дәлелдеуге құмарлық адам табиғатына тән. Кішкентай қыз­дың бірінші көретін ер адамы кім? Әрине – әке. Егер әке­сі қызына көңіл бөліп, әде­мі, ерекше екенін сездіріп, көзқа­расымен білдірсе, онда ол қыз жаңағы айтып отырған өзінің маңыздылығын дәлелдеуді өмір бойы қажетсінбейді. Өйткені ол өз ата-анасының алдында бұл сезімнің бар екенін біледі. Енді ол тек өзіне емес, өзгеге де көңіл бөле алады, өзгенің жанын жұ­бата алады. Ал керісінше, ана­сынан болсын, әкесінен болсын, тиісті көңіл бөлінбесе, ба­ла келешекте сол олқылықты өте қатты сезінеді. Қазіргі ересек адамдардың ортада өзін өзі ұс­тауына қарап, кішкентай ке­зіндегі керекті назарды алғанын немесе алмағанын білуге болады. Баланың өмір бойына өзімен бірге болатын санасы мен мінезі балалық шағындағы алғашқы сезімдердің жиынтығы. Ал сезім­тал келетін қыз баланың тәр­биесіне өте мұқият қарау керек. Тарихқа көз жүгіртсек, көш­пенді қазақ халқы әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әс­петтеп еркелеткен. Қызды қа­шанда жатжұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті.

Гүлнәр ӘШЕМБЕКОВА,

Балқаш қаласындағы №24 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі

Қарағанды облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу