Үкімет • 04 Мамыр, 2018

Бақытжан Сағынтаев Еуроодақ өкілдігінің басшысымен кездесті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 

Бақытжан Сағынтаев Еуроодақ өкілдігінің басшысымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, сау­да-экономикалық өзара іс-қи­мыл­ды кеңейту және шетелдік инвес­ти­цияларды тарту мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, Қазақ­станның Еуропалық одақпен сауда-эко­но­микалық байланыстары жоға­ры деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ еліміздің негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50%-ы және ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан астамы тиесілі.

Қазақстан мен ЕО елдері ара­сындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-ақпан айлар­ын­да 5,5 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай мер­зімімен салыстырғанда 32,6%-ға жоғары көрсеткіш.