Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, Қазақстанның Еуропалық одақпен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ еліміздің негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50%-ы және ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан астамы тиесілі.
Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 5,5 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 32,6%-ға жоғары көрсеткіш.