Бір ғана «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазақ мәдениеті мен өнерін жаһанға насихаттау жолында қыруар жұмыстар жүзеге асырылып, сапалы нәтижелерге қол жетті. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында қазақ өнері мен мәдениеті әлемді шарлады. Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония сынды талғамы мен тағылымы егіз жасасқан талғампаз елдер қазақтың классикалық музыка өнерінің жауһарлары – «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сарадай» шығармаларды төл сараптауда тыңдау мен баға беру бақытына ие болды. Әлем Димаш Құдайбергенов, Медет Шотабаев сынды дарынды өнерпаздар талантының арқасында қазақтай қасиетті халықтың шеберлігіне бас иді. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы шеңберіндегі «Ұлы даладағы көшпенділер тарихы» атты көрме негізінде ұлтымыздың көне жәдігерлері төрткүл дүние назарына ұсынылды. Сондай-ақ Нью-Йорк қаласында өткен «PHOTOfest.KZ – гүлденген Қазақстан әлем фотосуретшілерінің көзімен» атты фотокөрмеде күллі Америка Бурабай, Қорғалжын, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Түркістан, Отырар, Шарын шатқалы, Шымбұлақ, Медеу, Тамғалы тас, Көлсай сынды Отанымыздың тарихы тереңдігімен тағылымды, табиғаты сұлулығымен көз тартар әсем жерлерімен фото тілі арқылы танысуға мүмкіндік алды. Күні кеше Арқа төрінде шымылдығы түрілген ұлы думан – «Рухани қазына – 2018» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің І республикалық фестивалі атқарылған ауқымды жобалардың заңды жалғасы десек, қателеспейміз. Осынау тарихымен, тағылымымен, дәстүр-салты, өрелі өнерімен әлемді мойындатқан ауқымды жұмыстардың тасасында, әрине лайым ұлт игілігі жолында тер төгіп келе жатқан өнер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің қыруар еңбегі жатыр.
Бұл күні мәдениет саласы мамандары жыл бойы атқарған жұмысына есеп береді. Ал осынау мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы да, көрсетер нәтижесі де, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Әсіресе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы жүйелі жұмыстар мен жоспарлар күшіне енгелі бері талай ауқымды жобалар жүгі осы сала мамандарының иығына түскені және рас.
Төрт ұлы, екі келіні бар ене қыз баланы дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 01:23
Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 00:48
Экспорт көлемі 40 пайызға артады
Экспорт • Бүгін, 00:30
Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік
Саясат • Бүгін, 00:23
Трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
Саясат • Бүгін, 00:15
Тимур ЖҰМЫРБАЕВ: Жас буын – мемлекеттің болашағы
Сұхбат • Бүгін, 00:05