Ауыл шаруашылығының әлеуеті әлдеқайда жоғары

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орынды, жайылым алқаптары бойынша 5-орынды алады. Басты мақсат та, міндет те – осы табиғи байлықты ел экономикасының дамуына пайдаланып, нақты жұмыс істеу. 

Егемен Қазақстан
15.06.2018 2310
2

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты екі саладан – өсімдік шаруа­шы­лығынан және мал шаруа­шылығынан тұрады. Бұлардың қатарына дәнді дақылдар, төрт түлік, құс шаруашылығы сияқты көптеген қосалқы салалар енеді. Әр саланың өзіндік технология­сы, табиғатқа бейімділігі және басқа да ерекшеліктері бар. Осыған байланысты Үкімет рес­пуб­ликалық бюджеттен ауыл ша­руа­шылығын дамытуға жыл сайын қомақты қаржы бөледі. Мәселен, биылғы жылға 275 мил­лиард теңге қарастырылған. Аз қаржы емес. Ендігі мәселе бө­лінген қаржыны қалай тиімді иге­ріп жатырмыз және оның нә­тижесі қаншалықты деген сұрақ­тың төңірегінде тұр. Олай дейтін себебім – жылдар бойы осынша қаражат бөлінгеніне қарамастан, агроөнеркәсіп өнімдерінің үлесі еліміздің ішкі жалпы өнімінде 5 пайыздан аспай отыр. Оның өзінде өндірілген өнімдердің 42 пайызын үкіметтен бір тиын алмайтын үй шаруашылықтары құрайды. 

Ауыл шаруашылығының сапалы дайын өнімін өндірудегі басты ерекшеліктер – шикізат өндіру, оны өңдеу орындарына дер кезінде жеткізу, қал­дық­­сыз өңдеу, өңделген өнімді стан­дарттарға сай қоймаларда сақ­тау және уақытында тұты­ну­шыларға жеткізу мәселелері. Осы аталған мәселелер оңтайлы шешілмесе, бірінің жұмысын бірі тежеп, араға делдалдар килігеді. Сондықтан да олар бір-біріне тәуелді, бірі дамымай екіншісі дамымайды. Әр бағыт нарық экономикасына бейімделу арқылы өңіраралық сауда-саттық байланысын дамытуға ықпал жасайды және бәсекелестікке қабілетті азық-түлік өнімдерін экспортқа шы­ғаруға мүмкіндік туғызады.

Осы арада «мұндай нарық жолына қойылған процесс бізде қалыптасқан ба?» деген сұрақ туындайтыны анық. 

Мысалы, Атырау облысы шөлді-шөлейтті жерде орна­лас­қан. Өңір жыл он екі ай бойы ішкі сұранысын ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдерімен толығымен қам­тамасыз етіп отыр. Тіпті экс­портқа да шығаруға кіріскен, был­тыр 2 300 тонна пияз экс­портқа шығарылған. За­манауи талаптарға сай, 1100 басқа ар­налған сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Бір сиырдан жылына 6600 литр сүт сауылады, биотыңайтқыш шығарады, гид­ропон өсіріп, мал басын каро­ти­ны мол көк балаусамен та­мақ­тандырып, өздерінде шық­пайтын жем-шөптің орнын толтырып, толыққанды ра­цио­нмен қамтамасыз етіп отыр. Одан қалды құс фермасы, еш­кі фермасы, жылыжайлар, көкө­ніс өндіретін шаруашылық өзін­ің сақтау қоймасымен бірге жұ­мыс іс­теп тұр. Тіпті лимон өсі­руді қол­ға алған. Осы аталған шаруа­шы­лықтарға өз өнімдерін өздері өңдеп, делдалдарсыз тіке­лей Атырау қаласында орналасқан комму­налдық базарға шығарып, өнді­рілген өнімдерін саудалауға жағдай жасалған. Бұдан бөлек түйе, қой жүн­дерін өңдейтін зауыт іске қосылған. Жүн­дерді терең өңдеп, кілем, алаша шығаруда. Ауыларалық жол­дарға тас жол төселу жал­ға­су­да жә­не ауылды мекендерге то­лығымен газ тартылған. Міне, нарықтың жолына қойыл­ған шаруашылықтар деп осындай ке­шенді түрде іске асырылған жобаларды айтуға болады. 

Аталған жобалар 2012-2016 жыл­дар аралығында іске қос­ыл­ған, ал олардың басы-қа­сында болып жүзеге асыр­­ған, сол жылдары өңірді бас­қарған, қазір Парламент Мәжілісінің депу­таты Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұ­ха­м­бе­тов, енді осы үрдісті қазіргі өңір бас­шысы Нұрлан Ноғаев мырза жал­ғас­тыруда. 

Осындай үрдіс Батыс Қазақ­стан облы­сында да бай­­қа­­лады. Әсі­ресе мал шаруа­шы­­лығында. Осы­дан 68 жыл бұ­­рын осы өңірде бу­дан­­дас­ты­ру ар­қы­лы өзіміздің кли­мат­қа бейімдеп шы­ға­рылған қа­зақ­­тың ақбас сиыр тұ­қы­мын да­мыту қолға алынған. Жыл он екі ай жайылымда бағылатын, өнім беру қабілеті жоғары, жем-шөп тал­ға­май­тын, ыстық пен суыққа төзімді, қыс­қаша айт­қанда, күтімге талғампаз им­по­рттық тұқымдарға қарағанда, жер­­гілікті табиғи-экологиялық жағдайға ана­ғұрлым бейімделген мал. Ақбас сиырдың осы артық­шылықтарын өңірде тиімді пайдаланып, өзіндік құны арзан, са­па­сы жоғары, табиғи таза ет өнімін өндіріп, болашақта Қазақ­стан­ның брендіне айналдыру жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша ірі қара мал етінің өндірісін дамытуға жол ашыл­ған. Алайда Ауыл шаруашылығы мини­­стрлігі осы отандық асыл тұқымды мал басын биыл субсидиядан тыс қал­дырып отыр. Түсініксіз жағдай. Министр­лік әлі де болса бұл жағдайға қатыс­ты оң шешімін шығарады деп ойлай­мын. Бұдан бөлек өңірде ірі қара малдың, ұсақ малдың терісін өңдеу то­лығымен жолға қойылып, аяқ-ки­ім шығару қолға алынған. Аталған өңір­лерде іске асырылып жатқан игі іс­терді Ауыл шаруашылығы министрлігі на­зар­ға алып, басқа өңірлерге бейімдеп, пи­лот­тық жоба ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

Елімізде агроөнеркәсіп ке­ше­нін дамыту бойынша көп­теген бағдарламалар, жос­пар­­лар баршылық. Мәселен, ауыл ша­­руа­шылығына бюд­жет­­тік қолдау көрсетудің жалпы стра­тегиясы арқылы аг­ро­өнер­кәсіп кешенін дамыту бо­йын­ша 2013-2020 жылдарға ар­нал­ған «Агробизнес-2020» бағ­­дар­ламасы бар. Кейін оның ор­­нын 2017-2021 жылдарға ба­ғыт­­талған агроөнеркәсіп ке­ше­­нін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы басты. Оған қоса «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешен­ді жоспары да бар. Осы аталған жобалар­дың көпшілігі аяғына дейін жетпей жұмы­сын тоқтатқандары белгілі. Неге де­сеңіз, жыл сайын өзгертулер мен то­лық­тырулар енгіземіз, содан кейін та­ғы да өзгертеміз, ақыр соңында орта жолда қалдырамыз. 

Осындай тұрақсыздыққа бай­ла­нысты қарапайым ауыл тұр­ғындарының және ауыл­ша­руа­шылық тауар өнді­ру­шілерінің ара­­сында бағ­дар­­ламалардың, жо­балардың жұмыс істеуіне, тиім­ділігіне деген сенімсіздік пайда болады. Мысалы, 2011-2015 жылдарға арналған жоба, 60 мың тонна ірі қара мал етін экс­портқа шығару ісі аяғына дейін жеткізілмеді. «Агробизнес-2020» бағдарламасын алып қарасақ та осындай жағдай орын алған. Қазіргі қаралып отырған жобада өсімдік шаруашылығындағы қолданыстағы міндетті сақ­тан­дыру жүйесін еркін сақтандыру ны­санына көшіру ұсынылған. Тере­ңірек қарасақ, орысша айт­қанда, «добровольно принудительное страхование» болайын деп отыр. Олай дейтінім, егер де сіз сақтандыруға қатыс­па­са­ңыз Үкі­меттің жеңіл­дігінен айырылуыңыз мүмкін. 

Бағдарламалар іс жүзінде, әри­не керек. Дегенмен осындай келеңсіз жағдайларға неге біз жиі кездесеміз? Оның басты себептері, бағдарламаны немесе жобаны әзірлеу барысында біздер көбінесе асығыстық жасаймыз, көп жағдайда теорияға басымдық беріп, тәжірибені ескермейміз, аймақтардың ерекшеліктерімен байланыстырмаймыз, олардың нақты іске асыру жолдарын, схе­маларын, механизмдерін анық­та­маймыз, содан барып ты­ғы­рыққа тірелеміз.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сына өзгерістер мен толық­­­ты­рулар енгізу жөнін­де­гі тұ­­­жы­рым­­даманың кей­бір бағ­ыт­­­тары теорияға бейім­деліп жа­сал­­­ған және іс-тәжірибемен то­лық­­­қанды байла­ныс­ты­рылмаған. 

Осыған байланысты жоға­ры­да айтылғанның бәрін сараптай келе, келесі мәселелерге назар ауда­рған абзал:

Біріншіден, елімізде өнді­рі­летін азық-түлік өнімдерінің 30 пайызы ғана өңделеді, қалғаны шикізат ретінде қолданылуда. Ал­ өңдеу орындары керісінше ши­кізатпен 60 пайызға ғана қам­тамасыз етіліп отыр. Бұдан бас­қа кейбір өңірлерде осыдан он жыл бұрын жаңадан салынған өңдеу орындары әртүрлі себептермен жұмыс істемей тұр. Сондықтан да бардың өзін ұқсатып, мүмкіндігімізше өңдеу орындарын толығымен отандық ши­кізатпен қамтамасыз етуіміз керек. 

Екіншіден, сыртқы нарыққа ет және ет өнімдерін шығармастан бұрын, ішкі нарықтағы сұра­ныс­ты шешіп алуымыз керек, содан кейін өңіраралық байланыс орнатып, артық өндірілген өнімдерді бір-бірімен алмастыру керек. Со­нымен қатар құс, жылқы, ба­лық ет­терін өндіруді дамытуды қолға ал­май болмайды. Сол себеп­ті ет өндірісін кешенді түрде қарас­тыр­ған жөн.

Үшіншіден, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларын жүзеге асы­рып, елді мекендер айна­ла­сын­­да халықты жайылым­мен толық­қанды қамтамасыз ету мәселелерін қолға алу керек. 

Төртіншіден, Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын мем­ле­кет­тік қолдаудың тиімділігін қам­та­масыз ету керек. Бұл рет­те қа­рау мер­зімдерін барын­ша қыс­қар­тып, қағаз рәсімдерін алып тас­тау арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суб­си­дия­лаудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін толық автоматтандыруды қамтамасыз ету маңызды.

Бесіншіден, ауыл шаруа­шы­лығына «ақылды техноло­гия­ларды» енгізу қажет. «Ақыл­ды технологиялардың» агро­өнер­кәсіп кешенін қарқынды да­мы­ту­ға мүмкіндік беретіні соңғы Жол­дауда баса айтылған болатын. Сондықтан да заманауи агротехнологияларды қолданбасақ, даму көшіне ілесе алмайтынымыз анық. Осы мәселені шешу үшін аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологияларды трансферттеу және оларды отандық жағ­дайға бейімдеу, аграрлық уни­вер­с­итеттердің рөлі мен сол оқу орын­дарын бітірген мамандар мәселесін бақылауға алу керек. 

Қорыта айтқанда, Елбасының би­ылғы Жолдауында, ауыл ша­руа­­шылығында еңбек өнім­ді­лігін түбегейлі арттырып, ол үшін аграрлық салада өнімді тек шикізат ретінде өндіріп қана қоймай, оны қалдықсыз өңдеп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өнім шығару қажеттігі айтылған еді. Ендеше ендігі міндет – Ауыл шаруашылығы минис­трлігі, қолданыстағы заң­на­малық актілерді дер кезінде иге­ріп, бағдарламалар мен жо­ба­ларды қағаз жүзінде ғана қарас­тырмай, іс жүзінде іске асырып, ең бастысы ел игілігіне жаратып, олардың орындалу барысын күн тәртібінен түсірмей, аяғына дейін жеткізуді жіті қадағалауы қажет деп ойлаймын.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

21.03.2019

Бұл жолы да биіктен көрінді

21.03.2019

Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

21.03.2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

21.03.2019

Түркі әлемі айрықша құрметпен қарайды

21.03.2019

Қостанай облысында көпбалалы отбасыларға баспана берілді

21.03.2019

Дамудың даңғыл жолына түсірді

21.03.2019

Велосипедпен бензин тасыған 60 жастағы қазақстандық ұсталды

21.03.2019

Шекарашылар 51 жастағы қырғыз азаматын ұстады

21.03.2019

Мәңгілік елді сақтау үшін аянбаймыз

21.03.2019

Бірлік бар жерде – ынтымақ бар

21.03.2019

Болашаққа үлгі болғай

21.03.2019

Ел мұратын арқалаған Елбасы

21.03.2019

Жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарнасы бойынша шот ашу үшін қорға жүгінудің қажеті жоқ

21.03.2019

Азаматтық ерік-жігердің күші

21.03.2019

Мир көшесіне Елбасының есімі беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу