Табиғи апаттарды тоқтату ұлттық агенттігінің ресми өкілі Сутопо Нугрухо 20 мыңнан астам жергілікті тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілгенін мәлімдеді. Бұдан тыс, Ломбокқа көршілес жатқан кішігірім аралдардағы шетелдік туристер де эвакуацияланған. С. Нугрухоның айтуынша, құрбандар саны 98 адамға жеткен.
«Қаза тапқандардың барлығы - жергілікті тұрғындар. 230-дан астам адам жарақаттанған», - дейді ол. Шенеунік үйінділердің арасынан адамдарды құтқаруға ауыр техника жетіспейтіндіктен, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.