Әлем • 07 Тамыз, 2018

Индонезияда 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Ломбок аралында 5 тамыз күні болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 20 мыңнан астам адам баспанасын тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ТАСС.

Индонезияда 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Табиғи апаттарды тоқтату ұлттық агенттігінің ресми өкілі Сутопо Нугрухо 20 мыңнан астам жергілікті тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілгенін мәлімдеді. Бұдан тыс, Ломбокқа көршілес жатқан кішігірім аралдардағы шетелдік туристер де эвакуацияланған. С. Нугрухоның айтуынша, құрбандар саны 98 адамға жеткен.

«Қаза тапқандардың барлығы - жергілікті тұрғындар. 230-дан астам адам жарақаттанған», - дейді ол. Шенеунік үйінділердің арасынан адамдарды құтқаруға ауыр техника жетіспейтіндіктен, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.