Кітапхана • Кеше

Оқырман саны 57 млн-ға жетті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр ел кітапханаларына миллиондаған оқырман келген. Айта кетейік, бүгінде республикада жалпы қоры 72,5 млн-нан астам сақтау бірлігі бар 3 887 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл ішінде оқырманға әр­түрлі тақырыптағы 88 млн-нан астам материал берілді.

Оқырман саны 57 млн-ға жетті

2024 жылмен салыстырғанда тұрақты пайдаланушылар саны 4,1 % артып, 5 млн-нан астам адамға жетті. Оқырман Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстарында көп тіркелген.

Кітап оқуға деген қызығу­шылықтың артуы келушілер санының көптігінен айқын бай­қалады. Былтыр кітапханалық қызметке жүгіну көрсеткіші рекордтық деңгейге жетіп, жалпы саны 57 млн рет келу көрсеткіші тіркелді. Сонымен қатар мерзімді басылымдарға деген сұраныс көп. Бір жыл ішінде Ұлттық кітапханаға газеттер мен журналдар бойынша 1 млн-нан астам сұраныс түсті.

Иә, кітапханаларға ең көп келушілер – жастар. Алматы қала­сындағы Ұлттық кітапханада оқырмандардың ең көп бөлігін 17–25 жас аралығындағы жастар, одан кейін 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Сұра­нысқа ие әдебиеттердің қатарында көркем шығармалар, тарих пен этнографияға арналған басылымдар, ғылыми-көпшілік, пси­хологиялық және медициналық кітаптар, сондай-ақ жаңа технологиялар туралы басылымдар бар.

Кітапханалар оқырманмен жұмыс жүргізумен қатар, мәдени өмірдің маңызды орталығы ретінде де ерекше рөл атқарады. Бір жыл ішінде кітапханаларда 258 мыңнан астам мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Сонымен қатар ин­фрақұрылым мен цифрлық сер­вистерді дамыту жұмыстары қатар жүргізіліп отыр. Ұлттық кітапханада электронды ресурстар қолжетімді болу үшін интерфейс жаңартылды. Ұлттық академиялық кітапхана «Air Astana» әуе компаниясымен бірлесіп «Әуе қанатында» жобасын жүзеге асырды. Ал Шығыс Қазақстан облысында кітапханашылардың жұмысын оңтайландыру мақсатында «DosAI» нейроассистенті алғаш рет іске қосылды.

Бұдан бөлек Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасында оқыр­мандарға қызмет көрсету сапа­сын арттыруға, цифрлық байланысты күшейтуге бағытталған «AI Zhan» ассистенті енгізілді.

Кітапханалар желісін дамыту басқа өңірлерде де жалғасын тапты. Қызылорда облысында «Руханият» орталығы пайдалануға берілсе, Батыс Қазақстан облысында 25 ауылдық кітапхананы жаңғыртуға арналған қанатқақты жоба жүзеге асты. Бұл бастамалардың бар­лығы кітапхананы оқырманға жақындатып, заманауи мәдени-ағартушылық орталыққа айналдыруды мақсат етеді. 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026