Көрмеде келушілер эстон мәдениетінің ең танымал әрі поэтикалық қырларының бірі – қолғап тоқу дәстүрімен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Эстонияда қолғаптар ғасырлар бойы солтүстік климат жағдайында күнделікті тұрмыс қажетіне ғана емес, сонымен қатар сұлулыққа, шеберлікке және халық жадындағы рухани дәстүрлерге деген құрметтің символына айналған.
Көрменің тұжырымдамасы «Тілек ағашы» идеясынан алынған, онда қолғаптар ағаштың «жемістері» іспетті – иесінің жан дүниесімен қолының жылуын сақтайды деген тәмсіл бар.
Экспозицияда Орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі үлгілерден шабыт алатын бұйымдар ұсынылды. Олардағы әрбір өрнек пен қолданылған түс өз дәуірі мен аймақтық ерекшеліктерінен сыр шертетін шебердің жеке туындысы.
Көрмеде қойылған жұмыстар Эстон ұлттық музейінің түпнұсқа коллекцияларына сүйене отырып, Тарту университетінің Вильянди мәдениет академиясымен бірлесіп жасалған артефактілердің көшірмелері.
«Жобаның мақсаты – халық қолөнерін сақтау мен насихаттау, дәстүрлі әдістерді зерттеу және кәсіби шеберлікті дамыту. «Қолмен өрілген қолғап сыры» жылжымалы көрмесі бұған дейін Венгрия, Нидерланд, Франция, Бельгия, Болгария, Грекия, Эстония елдерінде көрсетіліп, енді Қазақстан көрерменіне жол тартып отыр. Екі ел де жыл мезгілімен, қолөнер шеберлігі және мәдени мұраға деген құрметімен ерекшеленеді», дейді Ұлттық Орталық музейдің баспасөз қызметі.