Өнер • Кеше
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-маусымның шымылдығын «Операдағы түн» жобасымен жапты. Ашық аспан астында өткен мәдени іс-шара мыңдаған көрерменді жинап, қала өміріндегі айтулы оқиғаға айналды.
Көрме • Кеше
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Дәуірлер үні: қазақ бас киімдері» деп аталған айрықша көрме ашылды. Музей қорынан жасақталған қырықтан астам экспонаттың қатарында көпшілік назарына сирек ұсынылатын күләпара, далбағай, аққалпақ секілді құнды мұралар бар.
Ата заң • 27 Маусым, 2026
Жаңа Ата заңның арнайы басылымы табысталды
Жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енеді. Осы тарихи дата қарсаңында Алматы қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне Мемлекет басшысы жолдаған жаңа Конституцияның арнайы басылымдарын тапсырды.
Қоғам • 16 Маусым, 2026
Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығы кейінгі тоғыз жыл ішінде қиын жағдайға тап болған мыңдаған әйел мен балаға қолдау көрсетіп, олардың қалыпты өмірге қадам басуына септігін тигізді.
Қоғам • 11 Маусым, 2026
Жазғы демалыс басталысымен көптеген жасөспірім қосымша табыс табудың жолын іздейді. Бірі уақытша жұмысқа орналасуға ұмтылса, енді бірі әлеуметтік желідегі жарнамаларға сенеді. Алайда дәл осы кезеңде қылмыстық топтар мен алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі де артады. Бүгінде интернет кеңістігінде «жоғары жалақы», «тәжірибе қажет емес», «еркін жұмыс кестесі» деген сипаттағы хабарландырулардың тасасында жасөспірімдерді есірткі бизнесіне тарту әрекеттері жиілеп отыр.
Өнер • 09 Маусым, 2026
Ұлттық орталық музейде Суретшілер одағының мүшесі Рысбек Ысқақовтың «Жанымның бақтары» деп аталған жеке көрмеcі есік ашты. Экспозицияда суретшінің ұлттық дәстүр мен уақыт тынысын бедерлеген 80-нен астам өнер туындысы ұсынылған.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Елтаңба – мемлекеттің тарихи тамырын, мәдени мұрасын айшықтайтын елдік нышан. Осынау қасиетті рәміз әр елдің рухани болмысынан хабар беріп, танымынан сыр шертуге тиіс. Бірлік пен ұлттық рухтың рәмізі саналатын төл Елтаңбамыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған еді.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2026
«Музей түні»: Ұлттық орталық музейге бір түнде 17 мың адам барды
Мәдени кеңістігімізде ширек ғасырға жуық көрерменге қуаныш сыйлап келе жатқан «Музей түні» акциясы Алматыдағы Ұлттық орталық музейде биыл ерекше форматта өрбіді. Мазмұны бай мәдени жоба алғаш қанат қаққан тағылым ордасы шаһар тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас мереке сыйлап, тарих пен дәстүр дәріптелген шараға 17 мыңнан астам көрермен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қаһарманды кімдер тасада қалдырды?
Жұрт Жеңіс күнін жабыла тойлап жүргенде, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы тұрған үйдің қабырғасындағы ескерткіш тақтаның аянышты халге түсуі тарихқа құрметпен қарайтын азаматтарды ашындырған еді. Тұрғын үй қабырғасына ілінген мемориалды тақта бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысанның тасасында елеусіз қалған. Дүкеннің қосалқы шатыры қалқалап қалған батыр бейнесі ұмыт бола бастаған ба?
Білім • 30 Сәуір, 2026
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Соңғы жылдары елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мақсатында жетекші шетелдік университеттермен серіктестік белсенді нығайып келеді. Осы орайда Алматыда халықаралық деңгейдегі Innotech университеті ресми түрде есік ашты. Бұл жоба Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.