
Мереке • 08 Наурыз, 2025
Жаны нәзік демесеңіз, әйел баласы қоғамның қай саласында да ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Темірдей тәртіп орнаған мекемеге жып-жылы шуақ сыйлап жүретін де солар. Біздің айналамызда мұндай қайсар ханымдар аз емес. Ұзақ жылдар бойы Кеден саласында табысты еңбек етіп жүрген Бибігүл Тұрысбекқызының өмір өнегесі сан сынақтан сүрінбей өтіп, жігері мұқалмаған қайратты жанның жарқын үлгісін көз алдымызға әкеледі.
Білім • 07 Наурыз, 2025
Білім ордасының меншігі қашан қайтарылады?
Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.
Тағзым • 07 Наурыз, 2025
Биыл көрнекті ақын Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 165 жыл. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.
Көрме • 05 Наурыз, 2025
Мағрипа Жылқыбаева мұрасына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Алтын адамның мұрасы» атты танымдық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 04 Наурыз, 2025
Алматыдағы хайуанаттар бағы жаңа рекорд орнатты
Алматы хайуанаттар бағы келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Наурыз, 2025
Алматыда көліктер жаппай экологиялық тексеруден өтіп жатыр
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған «Таза ауа» акциясы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Цифрлық журналистикадағы сын мен сапа
Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтті. Өзекті тақырыптарды қамтыған іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі, Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды.
Саясат • 04 Наурыз, 2025
Жаһандық қарым-қатынастың ортақ алаңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейлі жылы аясында ықпалды құрылымның жүріп өткен жолына шолу жасап, алдағы болашағын саралауға бағытталған ауқымды іс-шаралар басталып кетті. Соның бірі – Алматыда өткен «Бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына кіруінің 33 жылдығы және БҰҰ-ның 80 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция.
Өнер • 01 Наурыз, 2025
Тіршіліктегі толассыз күрестердің ең үлкені – өмір үшін күрес. Аманат сапардың ақырғы нүктесіне алқынбай жетіп, өлімді қасқайып қарсы алам деу бекер. Сағатын шегерудің сәті болса, жұмыр басты пенде қолдағы барын беріп жан дәрмені қалғанша жанталасар еді. Бұл кепті сурет тілімен сөйлеткен Камиль Муллашевтің «Өмір үшін күрес» деп аталған трагедиялық туындысы сана-сезіміңді сілкілеп өтеді...
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Ақын Нұрпейіс Байғанинді еске алу шарасы өтті
Биыл көрнекті жырау Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толып отыр. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.