Руханият • Бүгін, 08:30

Алтын Орда тарихынан сыр шертеді

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды. Маңызды мәдени оқиға қазақ мемлекеттілігінің бастауларын жаңаша пайымдауға бағытталған мазмұнды бастама деп айтуға болады.

Алтын Орда тарихынан сыр шертеді

Тағылым ордасындағы жаңа зал музей қо­нақ­тарын XIII–XV ға­сырларда Еуразия кеңістігіндегі аса ықпалды мемлекет Алтын Орда тарихының бай мәдени мұрасымен жүйелі түрде таныстырады. Музей мамандары экспозиция елімізді Алтын Орданың тікелей мұрагері ретінде танытуға бағытталғанын айтады.

Мұнда музей қорларынан алынған XIII–XIV ғасырларға жататын 200-ден астам артефакт қойылған. Бұл жәді­герлер арқылы Алтын Орданың тұрмысы, қолөнері, әскери өне­рі мен мемлекеттік құрылымы туралы мол мағлұмат аламыз. Айшықты залдың салтанатты таныстырылымында жоба мазмұны Жошы ұлысының мұрасын ғылыми негізде танытып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге және мем­лекеттілік сабақтастығын нақ­ты деректермен дәлелдеуге бағыт­талғаны атап өтілді.

п

Әлемдік тарихнамада Ал­тын Орда мемлекеті – XIII–XV ғасырларда Еуразияда­ғы ең ірі әрі ықпалды дер­жа­ва­лар­дың бірі. Дәл осы кезеңде көш­пелі қоғамға тән жо­ғары ұйымдасқан мемле­кеттік басқару жү­йе­сі қалыптасып, құқықтық тәр­тіп, әскери құрылым және дипломатиялық мәдениет ор­нықты. Бұл тәжірибе кейін Қазақ ханды­ғы дәуірінде заңды жал­ғасын тап­қаны көрме маз­мұнында айқын көрсетілді.

Экспозицияда қазіргі Қа­зақстан аумағы Алтын Орда­ның негізгі саяси, эко­но­микалық және мә­де­ни өзегі бол­ғаны нақты де­рек­­термен айшықталған. Керей мен Жәні­бек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының Алтын Орда мемлекеттілік дәстүрінің тікелей мұрагері екені тарихи сабақтастық тұрғысынан жү­йе­лі баяндалады.

370 шаршы метр аумақ­ты қамтыған зал бірнеше бөлімнен жасақталған. XIII–XIV ғасырлардағы қалалық мәдениетке арналған бөлімде тұрмыстық бұйымдар, зер­герлік әшекейлер, сондай-ақ Алматы облысының Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулетінің жоғары көшпелі ақсүйектеріне тиесілі салтанатты киімдердің жібек маталарының фрагменттері ұсынылды. Бұл жәдігерлер сол кезеңнің материалдық мәдениеті мен саяси құры­лымын айқын бейнеледі.

п

Алтын Орданың әскери өнеріне арналған бөлімдегі жебе ұштары, қылыш, қорамсақ және өзге де қару-жарақ түрлері озық жауынгерлік дәстүр мен әскери қуатты әйгілейді. Ал мемлекеттік құрылым бөлімі билеушілер шежіресін және Қазақ хандығымен тарихи сабақтастықты ашып көрсетеді.

«Экспозицияны жасақ­тау­да картографиялық материал­дар, фотодеректер, бейне және аудио контент кеңінен қолданылды. Заманауи музей­лік технологиялар, соның ішін­де жасанды интеллект мүм­кіндіктері пайдаланылды. Зал­дың экспозициялық құрал-жабдықтары мен витрина­ла­ры толықтай отандық өндіріс­тің туындысы. Бас мердігер – «Арлем.kz» компаниясы. Барлық жабдық компания­ның өз өндірістік цехтарында ­жасалды», дейді музейдің баспасөз қызметі.

Іс-шарада «Алтын Орда» экспозициялық залының та­ныс­­тырылымы қазақ мемле­кет­тілігінің тарихи тамырын терең­нен танытатын, ұлттық біре­гейлікті нығайтатын ма­ңыз­ды мәдени оқиға ретінде баға­ланды. Бұл бастама Алтын Орда мұрасын ғылыми тұр­­ғы­­­да жүйелі таныту арқылы тәуел­­­сіз Қазақстанның рухани негіз­­де­рін бекемдеуге қызмет ете­тіні айтылды.

 

АЛМАТЫ