Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1393 материал табылды

Алматы • 08 Ақпан, 2025

Бірлік алаңына айналған шаңырақ

Еліміздің үлкен қалаларындағы Достық үйлері – рухани байланыс алаңы ретінде этномәдени бірлестік өкілдері ұдайы бас қосып, тағылымды іс-шаралар өткізетін бірегей орын. Түрлі мәдениеттер тоғысып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған Алматыдағы республикалық Достық үйі солардың басын біріктіретін орталық дерсіз. Мұнда күні бүгін 19 этномәдени бірлестік жұмыс істеп отыр. Келушілер осы жерде тіл үйреніп, түрлі іс-шара ұйымдастырады, арнау­лы үйірмелер арқылы өнерлерін шыңдап, өзара ынтымаққа ұйыстыратын маңызды жобаларға үн қосады.

Алматы • 05 Ақпан, 2025

Мемлекеттік орталық музейдің жаңа тынысы ашылды

Жылдың басы Алматыдағы қос бірдей тағылым ордасы үшін ақжолтай жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне Ұлттық мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойғаны мәлім. Осы орайда халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының бай қоры сақталған Мемлекеттік орталық музейдің өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасаған едік.

Саясат • 29 Қаңтар, 2025

Ортақ алаңдағы салмақты ойлар

Әлемнің кез келген елі бетпе-бет келетін ға­ламға ортақ проблема­лар­ды бірлесе еңсеру – да­мы­ған мемлекеттерді бір арнада тоғыстыратын ортақ міндет. Орталық Азияның бірқатар елінен келген озық ойлы сарапшылар осы мәселелерді Алма­ты­да өткен 5-ші «ЕО-Орталық Азия азаматтық қо­ғам форумы» барысында тал­қылады.

Құқық • 28 Қаңтар, 2025

Сот үкімі шықты

Алматы қаласының қылмыс­тық істер жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық әкімші­лік сотында «Қаңтар оқиғасы­на» қатысқандарға сот үкімі шықты. Сот барысында қыл­мыс­тар­ға қатысты толық дерек ай­тылып, айыпты деп та­ныл­ған­дардың алды 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өнер • 28 Қаңтар, 2025

Сурет пен спорт саңлағы

Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті суретші, еліміздегі Таек­вондо федерациясының тұңғыш президенті Бек­сейіт Түлкиевтің туға­нына 70 жыл толуына арналған «Дүние жалған, өнер мәңгі» атты рухани кеш өтті. Өмірден ерте кетсе де, артына мол мұра қалдырған талант иесінің қылқаламынан туған шығармалары топ­тастырылған сурет көр­месі оны іздеген, сағынған, еске алған зиялы қауымды айрықша әсерге бөледі.

Көрме • 27 Қаңтар, 2025

Суретші Н.Хлудовтың мұрасы көрмеге қойылды

Мемлекеттік орталық музейде көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің негізін қалаушы Н. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы • 17 Қаңтар, 2025

Өнер қайраткеріне құрмет

Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды. Абылай хан даң­­ғы­лының бойында, Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық халық аспап­тары оркестрі ғима­ра­тының алдында еңсе тіктеген ескерткіш­те қазақ мәдениетінің өрістеуіне айшықты үлес қосқан өнер иесі мен оның сүйікті аспабы күйсандық қоса бедерленген.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2025

Мемлекеттік стипендия табысталды

Алматыдағы Достық үйінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табыстау салтанаты өтті. Президент өкіміне сәйкес 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды.

Құқық • 15 Қаңтар, 2025

Жүгенсіз жүргізуші – қоғамға қауіп

Жолдағы жауапсыздықтың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қазаға ұшырайды. Жол-көлік апаты елімізде жиі болатыны, оның салдарынан өлім-жітім де көп екені үнемі айтылып, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған түрлі іс-қимылдар қолға алынғанымен, қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ.

Заң мен Тәртіп • 10 Қаңтар, 2025

Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздық

Президент жауапты орындарға жемқорлықпен күрес мәселесін жүйелі жолға қоюды тапсырды. Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықты еңсеру үшін өңірлерде жемқорлық фактілеріне итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтырғы жұмыс нәтижелері туралы баяндап, заңды белшесінен басқан салалар мен тұлғаларды жіпке тізді.