Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1393 материал табылды

Өнер • 04 Желтоқсан, 2024

Ән мен күй әуелеген кеш

Халқымыздың мәдениет кеңістігінде өзіндік орны бар өнер ордасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Өнер ордасының мерейтойлық жылы Республика сарайында өткен гала-концертте қорытындыланды.

Жоба • 04 Желтоқсан, 2024

Қаржылық сауатты арттыру жобасы қорытындыланды

Қазір қарыз қамытын кимеген кісі кемде-кем. Қолға түскен мәлі­мет­терге сүйенсек, елдегі әрбір үшінші адамның банк алдында берешегі бар. Қарызын қайтара алмай, проблемалық несие қорын толықтырып жатқан­дардың саны артқан. Мұның арты үлкен әлеуметтік мәселеге ұласып, күрмеуі көп күрделі жағдайға тап болғандар азаймай тұр.

Құрылыс • 27 Қараша, 2024

Тұрғын үй нарығында түйткіл көп

Тірнектеп тапқан қаржысын құйып, баспанаға қол жеткізбек түгілі басы дауға қалып табалдырық тоздырғандар аз емес. Жылжымайтын мүлік сатып аларда асығыстық танытпай, нысан құжаттарының заңдылығына толық көз жеткізіп алған абзал. Көздеген үйіңіздің құжаттарын қала құрылысын бақылау басқармасы арқылы тексеріп алуға болады.

Есірткі • 27 Қараша, 2024

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Нашақорлықтың жолын кесуге бағытталған кешенді қадамдар қолға алынғанымен, есірткіге есі кеткендердің саны азаяр емес. Ес-ақылдан ажырататын психотропты заттар талайдың өмірін талқандап жатыр. Жыл басынан бері Алматыда 19 есірткі зертханасы мен екі бірдей қойма жойылып, есірткіні жарнамалаумен айналысқан 100-ге тарта адам жауапқа тартылған.

Көрме • 27 Қараша, 2024

Шығармашылықтағы жаңа мүмкіндік

Мемлекеттік орталық музейде белгілі суретші Болат Мұха­­ме­­диевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды. Көп­қыр­лы талант иесінің 50 жылдық шығар­­­машылық жолын қам­ты­ған өнер жәрмеңкесі руха­­ният ордасы Алматының мәде­ниет кеңіс­тігіндегі елеулі оқиға деп атауға болады.

Талбесік • 14 Қараша, 2024

«Алтын Емелдегі» ерекше фестиваль

Жетісу жері мен Алатау алабын құландар ежелден мекен еткен. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Араға жылдар салып құландардың қайта оралуы таулы өлкенің тамырына қайта қан жүгірткендей. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығында биыл екінші рет өткен халықаралық құландар фестивалі осы бір айрықша жануардың табиғатына тереңірек үңілуге шақырды.

Айбын • 13 Қараша, 2024

Заманауи автокөліктермен толықты

ҰҚК Шекара қызметінің материалдық-техникалық база­сын жетілдіру – маңызды міндет. Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауда­ны басқармасында ел аумақтарындағы шекараларға заманауи үлгідегі 75 автокөліктің кілті табысталды.

Алматы • 12 Қараша, 2024

2 846 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Қыс хабары білінер шақта көлік саны күн санап артқан Алма­ты­да жол көлік оқиғалары жиілей түседі. Өңірлік коммуни­ка­циялар қызметі алаңында журналистермен жүздескен Полиция депар­таментінің өкілдері апатты жағдайларға байланыс­ты ста­тистикалық деректер келтіріп, жол қауіпсіздігін арт­ты­ру­ға бағытталған шаралар туралы мәлімдеді.

Көрме • 05 Қараша, 2024

Көрші елдер фотошежіресі

Мемлекеттік Орталық музейде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палит­расы» деп аталған халықаралық фотокөрме ашылды. Ауқымды жоба көрші мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, стратегиялық байланыстарды өрістетуге бағытталып отыр.

Алматы • 25 Қазан, 2024

Еңселі ғимарат – елдік нышаны

Алматының орталығында орналасқан мына бір ғимараттың ел тарихында алар орны бөлек. Азаттықтың алтын бесігіне баланатын ару шаһардағы дәл осы нысанда 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Жоғарғы кеңестің кеңсесі болған ғимарат – талай тарихи оқиғалардың шежіресі қатталған мекен. 1991 жылы «Тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң да осы жерде бекітілді. Астананы елордаға ауыстыру туралы шешім де осында қабылданды.