Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025

Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық Орталық музейде «Уақыт жаңғырығы» деп аталған сурет көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды

Үздік қылқалам шеберлерін бір алаңда тоғыстырған көрме қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары – Хакімжан Наурызбаев пен Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына, Николай Хлудовтың 175 жылдығына, Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына, Еркін Мергенов пен Төлеген Досмағамбетовтың 85 жылдық мерейтойларына арналып отыр.

Ұлттық көркемөнер мектебінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан Хакімжан Наурызбаев, Молдахмет Кенбаев, Николай Хлудов, Евгений Сидоркин, Еркін Мергенов және Төлеген Досмағамбетов творчестволары қазақ бейнелеу өнерінің тарихында өшпес із қалдырды. Олардың қолтаңбалары кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы буыны қалыптастырған мүсін және графика дәстүрлерін жалғастыра отырып, заманауи көркемдік-эстетикалық көзқараспен және жаңа тақырыптық мазмұнмен байыта түседі.

Экспозицияға 140-тан астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылды. Көрермен 40-тан астам туындыны онлайн форматта тамашалады. Республикалық көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен 135 суретші қатысты.

«Ұсынылған туындылар суретшілердің пластикалық-бейнелік мәнеріндегі тың жаңашыл әдістерді, таңдалған тақырыптардың мағыналық мазмұнын, ұлттық рухтың лебін қазіргі заманғы көркем бейнелер арқылы аша түседі. Көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, композициялық және коллориттік шешімде орын алған, терең оймен айқындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтастықты біріктіретін үйлесімді туындылардың куәсі болды. «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ұлттық бейнелеу өнерінің сабақтастығын, шығармашылық дәстүрдің дамуын және қазіргі заманғы көркемдік үрдістің жаңа қырларын танытатын маңызды мәдени оқиға», дейді өнертанушы Гүлнар Жұбаниязова.

АЛМАТЫ

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар