Президент • Бүгін, 17:15

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

3 мин
оқу үшін

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Фото: Ақорда

«Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақ мерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды. Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды.

Астанада инвесторларға арналған геологиялық деректер орталығы ашылады

Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарды сапалы түрде іске асыруға берік негіз қалайтын жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады.

Одиль Рено-Бассо

«Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ», деді ЕҚДБ басшысы.
Астанада инвесторларға арналған геологиялық деректер орталығы ашылады

Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инфрақұрылым, көлік байланысы, ирригация және энергетика секторларын дамытуға алдағы уақытта да атсалысуға әзір екенін растады.

Банк жеке секторға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ниетті. Қаржы ұйымының инвестициялық қызметіндегі басым бағыттың бірі – аса маңызды шикізат материалдары.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді.

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына үлес қосу арқылы инновациялық экожүйелердің қалыптасуына қолдау білдіруге дайын.

Тоқаев пленарлық отырысқа қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды

Соңғы жаңалықтар