Президент • Бүгін, 16:37

Тоқаев пленарлық отырысқа қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды

1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев пленарлық отырысқа қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон,, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековті марапаттады.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Сондай-ақ «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева «Құрмет» орденімен наградталды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.

Астанада инвесторларға арналған геологиялық деректер орталығы ашылады

Соңғы жаңалықтар