Елорда • Бүгін, 16:30

Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін үйлердің тізімі бекітілді

2 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында сүрілетін апатты үйлердің тізімін бекітті. Тиісті қаулы ресми түрде жарияланды. Бағдарламаға сәйкес, алдағы бес жылда елордадағы тозығы жеткен 174 тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2026 жылы 675 пәтерді қамтитын 25 көпқабатты тұрғын үй сүріледі. Бұл үйлердің басым бөлігі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін үйлердің тізімі бекітілді

фото:vechastana.kz

Жаңғырту бағдарламасына тозу деңгейі 60 пайыздан асқан тұрғын үйлер енгізілген. Олардың қатарында кеңес дәуірінде салынған бір қабатты және бес қабатқа дейінгі тұрғын үйлер, жатақханалар, сондай-ақ 1929-1989 жылдар аралығында бой көтеріп, апатты деп танылған ғимараттар бар.

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі

Бағдарлама аясында тұрғындар жаңа баспанамен «шаршы метрге – шаршы метр» қағидаты бойынша қамтамасыз етіледі. Яғни, ұсынылатын пәтердің жалпы ауданы бұрынғы тұрғын үйден кем болмайды. Бөлме саны өзгеруі мүмкін болғанымен, тұрғын үйдің көлемі сақталады немесе ұлғаяды. Жаңа пәтерлер конкурс арқылы сатып алынып, толық әрленген күйде тапсырылады.

Тұрғындар көшірілгеннен кейін ескі үйлер сүріліп, олардың орны қаланың бас жоспарына сәйкес игеріледі. Бұл аумақтарда жолдар, мектептер, тұрғын үй кешендері және өзге де әлеуметтік әрі инженерлік инфрақұрылым нысандары салынуы мүмкін.

Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді

Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылы – 25, 2027 жылы – 29, 2028 жылы – 32, 2029 жылы – 74, ал 2030 жылы 14 тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланған.

Айта кетейік, жаңа Конституция күшіне енген күні Астанада жаңа аллея пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар