Қоғам • Бүгін, 16:45

Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жол ақылы болады

2 мин
оқу үшін

Көлік министрі міндетін атқарушының бұйрығымен Талдықорған − Өскемен тасжолында ақылы жүйе енгізіледі. Құжат 30 маусымда жарияланды және 11 шілдеде күшіне енеді. Жолдың ерекшелігі – жеңіл көліктер тек шағын бөлікке, ал автобустар мен жүк көліктері бүкіл трасса (773 км) үшін төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жол ақылы болады

Фото: Ашық дереккөз

Көлік түрлеріне арналған тарифтер

Жеңіл көліктер тек Талдықорғаннан Қызылағашқа бұрылатын айналма жолға дейінгі аралық (32.4 км) ақылы болады:

  • Алдын ала төлесе: 101 теңге (0.0235 АЕК);

  • Кейін төлесе: 117 теңге (0.0272 АЕК).

Автобустар мен жүк көліктері (773 км үшін):

  • 16 орынға дейінгі автобус / 2,5 тоннаға дейінгі жүк көлігі: алдын ала төлем – 1,1643 АЕК, кейінгі төлем – 1,3688 АЕК;

  • 32 орынға дейінгі автобус / 5,5 тоннаға дейінгі жүк көлігі: алдын ала төлем – 2, 3473 АЕК, кейінгі төлем – 2, 7562 АЕК;

  • 32 орыннан асатын автобус / 10 тоннаға дейінгі жүк көлігі: алдын ала төлем – 3, 5099 АЕК, кейінгі төлем – 4, 1241 АЕК;

  • 10-15 тонна аралығындағы жүк көлігі: алдын ала төлем – 4, 6853 АЕК, кейінгі төлем – 5, 5142 АЕК;

  • 15 тоннадан асатын жүк көлігі және ершікті тартқыштар: алдын ала төлем – 5, 8479 АЕК, кейінгі төлем – 6, 8812 АЕК;

Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?

Жергілікті тұрғындарға арналған абонементтер

Ақылы жолға жақын маңда тіркелген көлік иелері үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған: 

  • Айлық абонемент (тек жергілікті автобустар мен жүк көліктеріне): сыйымдылығы мен жүк көтергіштігіне байланысты 2-10 АЕК; 
  • Жылдық абонемент жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін 20-100 АЕК.

Айта кетейік, 2026 жылы 1 АЕК көлемі – 4325 теңге. Төлемді алдын ала жасау жүргізушілерге шамамен 15% қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда тағы екі жол ақылы болады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақылы автомобиль жолдарында лазерлік визуалды бағыттау жүйелерін орнату негізгі шешімдердің біріне айналып отыр, мұндай шешім жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алады.

Соңғы жаңалықтар