Қоғам • 11 Қазан, 2024
Шынайы ақпарат жеткізу жауапкершілігі
Ақпараттық кеңістіктің кеңге қанат жаюы көп жұмысты жеңілдеткенімен, адамзат алдына ақпараттық қауіп, компьютерлік қылмыс, қоғамдық сананы шатастыру, кибершабуыл, жалған мәлімет беру сияқты жаңа кедергілерді әкелді. Бұл қауіптердің алдын алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық ортаның байланысы берік болуы шарт. Алматыда «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» деп аталған танымдық семинар өтіп, тақырыпқа қатысты маңызды мәселелер сараланды.
Тәрбие • 02 Қазан, 2024
Жеткіншектерді желі қатерінен қалай қорғаймыз?
Сарапшылар әлеуметтік желіге ерте бастан тіркеліп, цифрлық технологияларды шамадан тыс тұтыну жасөспірімдердің психикасын бұзып, шынайы әлемнен алшақтататын қауіпті үрдіс деп есептейді. Тілі енді шыққанына қарамай, технология тілін меңгерген өрімдей өрендер қолына гаджет тисе, желіге байланған құлындай бір орында сағаттап отыруға бар.
Мирас • 02 Қазан, 2024
Алматыда көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан археологиясының темірқазығы» атты көрме ашылды. Мемлекеттік орталық музейде шымылдығын түрген тағылымды жобада айтулы ғалымның шығармашылық мұрасы мен тіршілігінде тұтынған жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды.
Алматы • 27 Қыркүйек, 2024
Алматы агломерациясының даму қарқыны қандай?
Елдегі ішкі көші-қон үдерісінің елеулі бөлігі Алматыға тиесілі. Жан-жағын магниттей тартып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған алып қаланың аумағы агломерация есебінен күн сайын ұлғайып келеді. Құрамына 3 қала, 4 аудан, 31 ауылдық округ, 98 елді мекен кіретін Алматы агломерациясы – тұтас ел аумағындағы ең үлкен әлеуметтік-экономикалық орталық.
Әскер • 26 Қыркүйек, 2024
Әскери кафедрада білімін шыңдайды
Еліміздегі жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар жұмылдыру резервін толықтырып, запастағы офицерлер даярлауда маңызды мәнге ие. Дегенмен барлық білім ошағында бірдей мұндай мүмкіндік жоқ. Ендігі жерде ел аймақтарындағы осындай оқу орындарының студенттері үшін әскери білікті маман атану мүмкіндігі кеңейе түспек.
Құқық • 20 Қыркүйек, 2024
Құқықтық сауат тұтыну мәдениетін көтереді
Тұтынушылар құқының бұзылу фактілеріне қатысты шағымдар азаяр емес. Өтініштердің негізгі үлесі бөлшек және электронды сауда саласындағы сапасыз көрсетілетін қызметтерге тиесілі. Жыл басынан бері Алматы қалалық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындардан 6 мыңнан аса өтініш жолданып, жауапсыз кәсіпкерлерден жапа шеккендерге 303 млн теңге қайтарылған.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Жол апатын азайтудың амалы қандай?
Жол апаттарына қатысты статистика жаға ұстатады. Кейінгі 30 жылда 80 мыңнан аса азаматтың өмірі тасжолда үзіліпті. Елімізде жыл сайын кемі 2 мың адам көлік апаты салдарынан көз жұмады екен. Бұл – шағын бір ауылдың тұрғындарына пара-пар. Адам капиталына үлкен шығын әкеліп отырған мемлекеттік деңгейдегі проблема Президент Жолдауында да айтылды.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Талапты жастардың тәжірибе алаңы
Этностар тығыз орналасқан аймақтардағы ауыл жастарымен тікелей жұмыс істеу – маңызды мәселе. Оларға кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру, креативті идеялардың жарыққа шығуына ықпал ету – ел жастарын қолдауға бағытталған ілкімді жобалар санатында. Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы қаласында «Jastar Generation-2024» халықаралық лагері өтіп, талапты жастар ортақ тәжірибе алмасу алаңында тоғысты.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
Көшеден тамақтануға көңіліңіз ауа ма?
Үйдегі үйреншікті дастарқаннан бас тартып, көшеден тамақтануға көңіл ауып тұратындар бар. Бір сәт бала-шағасын ертіп, мейрамханалатып қайтуды кім қолай көрмесін. Десе де әркім өз қалта-қарымына қарай көсіледі. Жұрттың бәрі бірдей қымбат мейрамханаға бармаса да, түрлі қоғамдық тамақтану орнына жиі бас сұғу мегаполис тұрғындары үшін қалыпты үрдіске айналғанын байқаймыз.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Президент Жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізді. Басқосуда Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру тетіктері, ҚХА-ға қарасты этномәдени бірлестіктердің жұмыс жоспары сараланды.