Жануарлар • Кеше

Хайуанаттар шыршаға қарық болды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы хайуанаттар бағында «Шыршаны тапсыр» деп аталған ерекше экологиялық науқан мәреге жетті. Жоба аясында қала тұрғындары жаңа жыл­дық табиғи шырша, майқарағай, қарағай ағаштарын хайуанаттар бағына өткізіп, жануарлардың мекен ету ортасын жақсартуға атсалысты.

Хайуанаттар шыршаға қарық болды

Жиналған ағаштарды тұяқты жануарлардың кей түрлері азық ретінде пай­да­ланса, маймыл, жолбарыс, аю мен леопардтарға «ойыншық» ретінде кәдеге жарады. Бұдан бөлек, қылқанжапырақты ағаштар мен бұтақтар харзаларға, атжалмандарға, кірпілерге, жайраларға жұмсақ төсеніш қызметін атқарды.

Экологиялық жобаға бірнеше гүл сататын дүкен мен 50-ден астам тұрғын үн қосқан. Хайуанаттар бағы ұжымы, тапсырылған ағаштардың ішінде тамыр жүйесі сақталған үш шырша барын, олардың бақ аумағына отырғызылғанын айтады.

«Акцияға белсенді қатысқан барлық қала тұрғынына, шараны кеңінен жариялаған БАҚ өкілдеріне шынайы алғыс білдіреміз. Көп мөлшерде қылқанжапырақты ағаш пен бұтақ жинадық. Жануарларға бұл қорек қана емес, сонымен бірге мекен ету ортасын жақсартуда маңызы зор: вольердегі әрбір жаңа зат – жаңа иіс, жаңа дәм және зерттеуге мүмкіндік», дейді Алматы ха­йуа­наттар бағының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Ақжами Еламанова.

«Шыршаны тапсыр» экологиялық акциясы табиғат пен жануарларға қамқорлық жасау әрбір адамға қол­жетімді әрі қарапайым іс екенін тағы бір мәрте көрсетті. Алматы хайуанат­тар бағы барлық қатысушыға белсенді аза­маттық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай бас­тамалар жалғаса беретінін жет­кізді. Сонымен қатар маман­дар қала тұр­ғындарын мереке аяқ­тал­ғаннан кейін де қоршаған ортаға жауап­кершілікпен қарап, экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдер табуға шақырды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15