2026 жылғы 18 маусымнан бастап Ұлттық тасымалдаушы №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық», №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағдарлары бойынша қосымша Тальго пойыздарын тағайындайды.
Бұл шара өңірлердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезеңінде жоғары сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
1. №254/253 «Нұрлы Жол – Достық» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 22 маусымынан 31 тамызына дейін аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Құрамында 27 вагон қарастырылған. Пойыз 344 жолаушы орынға арналған, оның ішінде мобилділігі төмен жолаушыларға арналған арнайы купе бар.
Пойыз кестесі:
Нұрлы жол станциясынан жөнелту – 17:32;
Достық станциясына келуі – 16:20;
Достық станциясынан жөнелту – 18:30;
Нұрлы жол станциясына келуі – 20: 25.
2. № 211/212 «Алматы – 2-Достық» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 20 маусымынан 30 тамызына дейін күн сайын - тақ күндері жүреді. Құрамында 23 вагон қарастырылған. Пойыз 326 жолаушы орнына арналған.
Пойыз кестесі:
Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14: 30;
Достық станциясына келуі – 07:45;
Достық станциясынан жөнелту – 10: 55;
Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.
3. №207/208 «Алматы-2 – Достық» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 19 маусымынан 29 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.
Пойыз кестесі:
Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14: 30;
Достық станциясына келуі – 07:45
Достық станциясынан жөнелту – 10: 55;
Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.
4. №231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 18 маусымынан 30 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.
Пойыз кестесі:
Алматы-2 станциясынан жөнелту – 21:03;
Семей станциясына келуі – 16:30;
Семей станциясынан жөнелту – 18:15;
Алматы-2 станциясына келуі – 14: 05.
Жаз маусымында Балқашқа қосымша пойыздар қатынайды
Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қол жетімді.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады.
Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады