Агенттік мәліметінше, түнде АҚШ Иранның бір танкеріне шабуыл жасап, кеме зақымданған. Бұған жауап ретінде Иран «Panaya» кемесіне соққы берген.
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Кешм аралына жасалған шабуылға қатысты Tasnim АҚШ аралдың оңтүстігіндегі телекоммуникациялық мұнараны нысанаға алғанын нақтылады.
Кувейт Сыртқы істер министрлігі бірнеше нысанға, соның ішінде әуежайға шабуыл жасалғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
Иран мен АҚШ арасындағы диалог үзілді: Таяу Шығыста шиеленіс күшейді
Әлеуметтік желілерде Кувейт әуежайында түсірілгені айтылған бейнежазбаларды жариялап жатыр. Алайда олардың түпнұсқалығы әзірге ресми түрде расталған жоқ.