Ұлттық компанияның мәліметінше, 27 қаңтар таңғы уақыттан бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс ашық:
Шығыс Қазақстан облысы
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырымдары (Глубокое ауылы – Шемонаиха қаласы).
Қызылорда облысы
«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1644-1806 шақырымдары (Жосалы кенті – Қызылорда қаласы).
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, көрінудің шектелуі, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды
Атырау облысы
«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 179-210 шақырымдары (Майкомген кенті – Маңғыстау облысының шекарасы).
Маңғыстау облысы
Аталған автожолдың:
338-632 шақырымдары (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы);
632-718 шақырымдары (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы);
718-786 шақырымдары (Жетібай кенті – Ақтау қаласы);
210-332 шақырымдары (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу ауылы);
«Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожолының 0-58 шақырымдары (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);
«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолының 91-161 шақырымдары (Таушық ауылы – Шетпе ауылы);
«Ақтау – Құрық» автожолының 13-72 шақырымдары (Ақтау қаласы – Құрық ауылы);
«Құрық – Жетібай» автожолының 0-68 шақырымдары;
«Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автожолының 0-85 шақырымдары.
Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?
Қостанай облысы
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырымдары (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы);
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымдары (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналып өту жолымен) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 555-682 шақырымдары (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті);
«Мамлютка – Қостанай» автожолының 250-403 шақырымдары (Тобыл қаласы – Ұзынкөл кенті).
Солтүстік Қазақстан облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 834-856 шақырымдары (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье ауылы);
«Жезқазған – Петропавл» автожолының 595-625 шақырымдары (Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы).
Ақмола облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 856-917 шақырымдары (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595 шақырымдары (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырымдары (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
«Жақсы – Есіл – Бозайғыр» автожолының 0-82 шақырымдары (Жақсы кенті – Бозайғыр кенті).
Павлодар облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдалуына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесі жабылды. Бұл учаскеде Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығу уақытша тоқтатылды.