Фото: ашық дереккөз
«Алматыэлектротранс» баспасөз қызметінің мәліметінше, №92 бағыттағы автобустың жүргізушісі Александр Степанов сол күні таңертең медициналық тексеруден өткен.
Оқиға болған кезде көлікте жолаушылар да болған. Қоғамдық көлік Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтағанда КАП-2 диспетчерлік қызметіне жүргізушінің денсаулығы сыр бергені туралы хабар түскен.
Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады
Мұны байқаған жолаушылардың бірі лезде әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп тежегішті басып үлгерген. Батыл шешімнің арқасында жол апаты тіркелмеген.
Десе де жедел жәрдем қызметкерлері жеткенде Александр Степановтың жан тапсырғанын анықтаған. Алдын ала жасалған қорытындыға сай жүргізуші жедел миокард инфарктінен көз жұмған болуы мүмкін.
«Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері жетті. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шараларынан кейін көлік паркке жеткізілді», делінген қалалық полиция таратқан хабарламада.
Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды
Ал Александр Степанов «Алматыэлектротранс» ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бері қызмет еткен. Күні кеше 2/2 жұмыс кестесіне сәйкес, оның маршрутқа шыққан алғашқы жұмыс күні болған.
Компания жүргізушінің туған-туысына көңіл айтып, заңнама аясында отбасына көмек беруге дайын екенін хабарлады.