Төтенше жағдай • 17 Қаңтар, 2026

Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатты аяз бен жолдағы қауіпті жағдайға байланысты Көкшетау қаласында қалааралық автобус қозғалысы тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды

Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болған. Барлық жолаушы – Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Қазақстан ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп жолаушыларды эвакуациялап, оларды уақытша бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Эвакуацияланған азаматтарға қажетті көмек көрсетілді.

Жолаушылар құтқару қызметінің жедел әрекетіне ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар