Банк • Бүгін, 16:22

Банктерде 10-нан астам картасы бар азаматтар тексерілетін болады

1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі екінші деңгейлі банктер үшін жаңа талаптар бекітті. Бұл талаптар алаяқтықты азайтуды және қаржылық операцияларға бақылауды күшейтуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Банктерде 10-нан астам картасы бар азаматтар тексерілетін болады

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Жаңа ережелер шеңберінде банктер мен ақша аударымдарына бақылау күшейтіледі. Күмәнді операциялардың алдын алу үшін жекелеген клиенттер санаттары қосымша тексеруден өтетін болады.

«Егер бір адамның бір банкте 5-тен астам банк картасы немесе әртүрлі банктерде жалпы саны 10-нан астам картасы болса, ол автоматты түрде тәуекелі жоғары клиенттер санатына жатқызылады. Мұндай жағдайларда банк клиенттен қаражаттың шығу көзін растауды талап етуі мүмкін, ал қажет болған жағдайда шоттарды уақытша бұғаттауға құқылы болады», делінген хабарламада.

Ислам банкінің екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде?

14 пен 25 жас аралығындағы жастарға ерекше назар аударылады, өйткені олардың банк карталарын алаяқтар жиі пайдаланады.

Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді

Сондай-ақ заңсыз онлайн-казинолар мен шетелдік букмекерлік сайттарға ақша аударуға тыйым салынады.

21 жасқа толмаған азаматтарға букмекерлік кеңселерде бәс тігуге тыйым салынады.

«7 миллион теңгеден асатын ақша аударымдары міндетті түрде тексеріледі және қаражаттың заңды шығу тегін растайтын құжаттар талап етіледі», делінген хабарламада.

Криптовалютамен операциялар тек ресми лицензиясы бар платформалар арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Еске салайық, елдегі екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында 1,6 трлн теңге пайда тапқан.

Соңғы жаңалықтар