Партиялық тізімге еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар қауымдастығының мүшелері және қоғамдық қызметтің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар енді.
Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді
Олардың қатарында VII және VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева, Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Қазыбек Иса, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Олжас Нұралдинов және Ерлік Өмірғали бар.
Сондай-ақ тізімге Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Ермек Әбілдин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Жалмұқанова, Семей қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Калинкин, VIII шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Евгений Кинцель, Алматы велоспорт федерациясының президенті Андрей Линник, адвокат Сергей Уткин және өзге де үміткерлер енгізілді.
Съезд барысында партияның «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Партия төрағасы Дания Еспаеваның айтуынша, бүгінде елге тек саяси өзгерістер ғана емес, сонымен қатар тұрақты экономикалық өсімді, әділ бәсекелестікті, тиімді мемлекеттік басқаруды және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын нақты шешімдер қажет.
Оның сөзінше, бағдарлама партияның көпжылдық бастамаларын біріктіріп, елдің одан әрі дамуына қатысты кешенді көзқарасты ұсынады. Құжатта тәуелсіздік пен ұлттық мүддені қорғау, парламентаризмді нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, адами капиталды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және еркін нарықтық экономиканы дамыту бағыттары қамтылған.
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына толық дайын екенін мәлімдеді