Фото: istockphoto.com
Халықаралық марафонға әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады.
«Осыған орай 6-7 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі», делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Жарыс өтетін 7 маусым күні төмендегі бірқатар көшеде қозғалыс тоқтатылады:
- Сарайшық көшесі (Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
- Д.Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
- «Қазақ радиосы» көшесі (Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
- Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
- Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
- Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
- Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
- Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
- Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И.Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
- И.Панфилов көшесі (Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
- Ж.Нәжімеденов көшесі (Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы (И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.
Әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарын жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруге шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 25-29 мамыр аралығында елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелген болатын.