Оқиға • Бүгін, 16:08

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Астананың Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаудың басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

видеодан скриншот

Астана қаласының Алматы ауданындағы Айнакөл көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын балкон мен бөлмені шарпыған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері дереу жетіп, өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді.

Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалын көршілес пәтерлер мен басқа да бөлмелерге тараған жоқ.

Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді

Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, электр құрылғылары мен тұрмыстық техникаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар