Қоғам • Бүгін, 20:40

Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді

1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы Кошевой көшесінде бір реттік пайдаланылатын тауарларды көтерме саудамен айналысатын кәсіпорын аумағындағы қойма ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді

Құтқару бөлімшелері келген кезде ашық жану байқалды. Өрт өршіп кеткен еді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт оқпаны енгізілді.

Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінмен, жоғары температурамен және өрт жүктемесінің көп болуымен күрделенді. Сонымен қатар, қағаз өнімдері мен шаруашылық тауарларының көп мөлшерде болуы жалынның үлкен аумаққа тез таралуына себеп болды.

Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар