Қоғам • Бүгін, 20:27

Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Үкіметі Ақмола облысындағы жылу-энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

 

Олжас Бектенов тиісті қаулыға  қол қойды.

Бөлінген қаражаттың:

- шамамен 2,7 млрд теңге – Степногорсктегі 7,5 шақырым магистральдық жылу желісін жөндеу жұмыстарын аяқтауға;

- 1,2 млрд теңге – Көкшетаудағы қазандықтардың пештері мен жабдықтарын қалпына келтіруге бағытталады.

Степногорскте қазірдің өзінде 7,1 шақырым жылу желісі жаңартылып, тозу деңгейі 71,4%-дан 68%-ға дейін төмендеді.

Көкшетауда бұған дейін техникалық жұмыстар кешені жүргізіліп, нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 44%-дан 42%-ға дейін қысқарды.

Жобаларды іске асыру жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға, апаттар санын азайтуға және жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, 2025 жылы ел бойынша энергия блоктары, қазандықтар, турбиналар, жылу желілері мен электр желілері жөнделді. Бұл жабдықтардың тозу деңгейін төмендетіп, электр станцияларындағы технологиялық ақаулар санын азайтты.

Соңғы жаңалықтар