Тұлпарлардың тұяғы Ыдырыс Қалиев туралы естелік

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: Руха­ни жаңғыру» атты бағдар­ла­малық мақаласы ең алдымен тарихи жадымыздың жаң­ғыруына кең жол ашып отыр. Мәңгілік ел болуды мақ­сат тұтқан өршіл ұрпақ ретінде Ұлы даламыздың ұлы тұл­ғ­аларын түгендеп, бары­мыз­ды бағалап, ұлттық қасиет­терімізді қастерлеуге қапысыз ден қоя бастадық. Осы сипат­тағы ордалы ойдың ғана емес, қарымды әрі қарқынды іс-қимылдардың да егесі күні кеше ғана төбе бидей төрі­мізде отырған, екі ғасыр мен қоғамның белсендісі болып, тоқсан жастың төртеуіне толып, дүниеден озған біздің Ыдырыс ақсақал еді.

Егемен Қазақстан
10.08.2018 1969

«Жеті атасы би болған, жеті жұрттың қамын жер» де­ген­дей, Ы.Қалиев ағамыз­дың тек­тілігі тереңнен тамыр тартады. Оның текаталары, түпаталары – Әлімнің алты баласының ең атақтысы Төртқарадан тараған, қара­дан шығып хан болған, сегіз қырлы, бір сырлы, әрі жау­жүрек батыр, әрі отауызды, орақ тілді шешен, қажылыққа үш рет барған, аты белгілі әулие сегіз жүйелі Сейітқұл, Самарқанды қырық жыл билеген, Орта Азияның соңғы жолбарысы Жалаңтөс баһадүр, бүкіл қазақтың қамын жеген, ел сенімін ақтаған, жоғын жоқ­таған, мұңын мұңлаған, 19 жыл хан кеңесінің мүшесі болған Әйтеке би.

Міне, осындай тұлпар­лар­­дың тұяғы, сұңқарлардың қия­­ғы, алтынның сынығы, Жалаң­­­төс баһадүрдің тікелей 8-ші ұрпағы Ыдырыс Қалиев­тің елдің бесігіне сыйғанмен төрі­не сыя бермейтін қазақтың қадір­лі, қастерлі азаматы болуы кез­дей­соқ­тық емес, табиғи заң­ды­лық, тағдырлық жазмыш.

...Ашаршылық жылдары Ыдыкеңнің әкесі Қалы сталин­дік зауал нәубеттің құрсауы­на түспеу үшін Өзбек­станның Үргеніш қаласына қашып барып, бас сауғалайды. Ал Аралда қалған отбасы аш, бір уыс бидайға үйдегі бар өтетін заттарын сатып, біраз уақыт күн көреді. Сонсын сегіз жасар Ыдырыс балық зауы­тының қызметкері туысы­нан балық алып, оны тоғыз шақырым стансаға шанамен сүйретіп апарып сатып, тапқан тиын-тебеніне жанұясына жүрек жалғар тамақ әкеліп жүре­ді. Бірде ол да бітіп, көн етікті суға қайнатып талғажау қылған күндері де болған.

Он алты жасында оның еңбек жолы басталады. Ф30-ның 6 айлық курсын 2 ай­да бітіріп, СУ-2 жолаушы­лар таситын паровозға отжағу­шы (кочегар) болып орна­лас­а­ды. Күніне 12 тонна көмір­ді күрекпен пешке ат­қы­­лай­ды. Қабырғасы қат­паған жас бала мұндай ауыр жұмыстан әбден әбіржіп, азып-тозып кетеді. Осыны ескер­ген депо басшылығы оны басқа жұмысы жеңілдеу паро­возға отжағушы, 2 айдан кейін машинистің көмекшісі қызметіне жоғарылатады.

Ыдырыс Қалиев 1943 жылы он сегіз жасында армия қата­рына шақырылып, соғыс­тың қайнап тұрған аласапыран кезінде эшелон Белград майданына жақындағанда, Бас қолбасшы: «Тәжірибесі жоқ жастарды отқа салмаңдар, соғыс өнеріне үйретіңдер» деп бұйрық береді. Осы бұй­рықтың шапағатымен эшелон шығысқа қарай бұры­лып, Маньчжурияның шекарасына келіп тоқтайды. Сонымен 1945 жылдың тамыз айының 20-шы жұлдызын­да Забайкалье майданының жауынгерлері 40 миллион халқы бар Маньчжурия жерін түгелдей жаудан босатып, Квантун армиясын талқандап, Жапонияны жеңеді.

Ыдыкең елге жеткесін өзі­нің бұрынғы ұжымы депо­ға қайта келіп, машинист көмек­шісі болып орналасады.

Көп ұзамай Ыдыкең 8 сы­­ныптық біліммен Қазалы те­мір ­жол бөлімшесі саяси бөлі­мінің комсомол нұсқау­шысы қыз­метіне тағайын­дала­ды. Ауданда кешкі мектептің жоқ­тығы­на байланысты, депо басшы­лары­ның келісімімен 10 сын­ыпты өзінен 7-8 жас кіші ба­ла­лардың ортасында төбе­дей болып қатар отырып, өзі­нен 4-5 жас кіші мұға­лім­дер­ден сабақ алып, бітіріп шығады.

Жоғары білімді Алматы­дағы көшбасшы оқу ордасы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін сырттай оқып бітіріп алады.

Осыдан кейін Ыдыкеңнің қызметі жоғарылып, саяси бөлім бастығының комсомол жөніндегі көмекшісі әрі орын­басары болады. Бұл қыз­метке Қазақстан комсомолы Орталық комитеті, те­мір­­ жол­дың Одақтық сая­си басқар­масы, министр бекі­теді. Ол аудан­дық комсомол коми­теті­нің бюро мүше­сі, облыс­тық комсомол коми­теті­нің Пленум мүшесі болып сайланады.

«Қос оңбай іс оңбайды», «Бас екеу болмай, мал екеу бол­­майды», «Бір жақсы, бір жаман әр жерде бар, екі жақ­сы қо­сыл­ған қай жерде бар», «Ерді ке­бенек ішінде таны», «Кісі бо­лар жігітті ел мақ­тай­ды, ел мақ­таған жігітті қыз жақ­­­тай­ды» деген қазақ­тың қас­­қа­бас қағи­да­лары­ның бар­лы­ғы ай­на-қатесіз орындалып», Ыды­кең үйлі-баранды болады.

Ыдырыс аға бірінші рет Қанзи­раны жиналыста көріп, бір ба­қытты сәтте жанар­лары тү­йісіп, сезімдері селт етіп, сөз­сіз түсінісіп, ұғыны­сып,жан­дары жарасып, әйтеуір есебін тауып кездесіп, Ыды­кең екі-ақ сұрақ қояды: «Мені ұнатасың ба?». Қазира: «Иә» деп ишарат білдіреді. Ыдыкең: «Маған тұрмысқа шығасың ба?», Қанзира: «иә» деп келісімін береді. Осылай 1950 жылы Ыдыкең 25 жасында өзінен 8 жас кіші Қанзира апаймен отбасын құрады.

Міне, содан табаны күрек­тей 68 жыл бойы Ыдыкең мен Қан­зе­кең жұбы жазылмай, қол ұс­та­сып, тату-тәтті, мән­ді-мағы­налы, өнегелі өмір сү­ріп, біріне-бірі тек тән сері­гі емес, жан серігі, тіреу, сүйеу, ақыл­­қо­сар, ашубасар, демеу­ші, же­беу­ші, біріне-бірі ұс­таз да, шә­кір­т те болып ер­тегі­дегідей тама­ша тағылымды ғұмыр кешті.

Алтын қамшыдай Серік­жаны аяулы ата-анасының серігі де, әулеттің көрігі де, көзі де, өмірінің жалғасы да, ал алтын қасықтай қыздары Фарида мен Нұргүл, немерелері, шөберелері, шөпшектерімен бірлігі мен тірлігі жарасқан бір қауым кішігірім ел сияқты.

1953 жылы ол облыстық пар­тия комитетінің өндіріс және көлік бөліміне нұсқаушы бо­лып қабылданды. Қалада біреу­­дің бір бөлмелі үйінде пәтер­­де тұрады. Обком күніне бір бөлке нан және бір мезгіл ақы­сыз тамақ береді. Бір демалыста ауылдан қайнағасы келіп: «базарға барып, қыды­рып қайтайық» дейді. Бұл кісі: «бара алмаймын» дейді, се­бе­бін қарындасынан сұраса: «жал­ғыз көйлегін жуып қойып едім, үс­тіндегі киімінен басқа ар­тық киімі жоқ қой» дейді. Жағдайды түсінген қай­н­а­ғасы бір көйлек сатып әпереді.

Көп ұзамай Ы.Қалыұлы об­лыс­тық комсомол комитеті­нің бірінші хатшылығына ұсы­нылады. Үстінде темір жол­дың кителі мен шекпені. Об­лыс­тық партия комитетінің бірін­ші хатшысы: «Мәскеуге, бекуге барғанда костюм киіп, галстук тағып бар» дейді. Ал Ыдыкеңде костюм де, көй­лек те, галстук те жоқ. Бір нұс­қау­шының костюмін, бөлім мең­геру­шісінің орынбасарының көйлегін, бөлім меңгерушісі Смағұл Ысқақовтың галстугын сұрап алып Мәскеуге барады.

Облыс комсомол ұйымын алты жыл басқарып, 1959 жылы Ы.Қалиев Мәскеудегі КОКП Орталық комитеті жанын­­дағы жоғарғы партия ме­к­­тебіне оқуға кетеді.

Ол паровоздың отжағушы­сынан машинистің көмекшісі, Қазалы теміржол бөлімшесі сая­си бөлімінің комсомол жөнін­дегі нұсқаушысы, бастықтың комсомол жөніндегі көмекші әрі орынбасары, облыстық пар­тия комитетінің өндіріс және құрылыс бөлімінің нұс­қаушысы, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, Арал аудандық кеңес ат­қару комитетінің төрағасы, об­лыстық партия комитетінің өндіріс және құрылыс бөлімі­нің меңгерушісі, Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы, партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық кеңес атқару комитетінің төраға­сы, мұрағаттар басқар­масының бастығы сияқты өсу жолынан өтті.

Осыншама жауапты жұ­мыс­тарда, ұзақ жылдар, неше түрлі алмағайып, аумалы-төк­пелі, қилы-қилы замандарда сүрінбей, жығылмай, тізесі бүгілмей, басы иілмей, кеудесін ешкімге бастырмай, төбесіне ешкімді шығармай, намысының туын жықпай, арына дақ түсірмеуінің сыры неде? Ол сөзсіз Ыдыкеңнің ақыл­­дылығы, тазалығы, төзім­­ділігі, қанағатшылдығы, шү­кір­­шілігі, сергектігі, сезім­­тал­­­дығы, сақтығы, шайтан­ға тұзақ құрарлықтай саясат­кер­лігі, табандылығы, тұрақ­ты­лы­ғы, кеңдігі, кешірім­ділігі деп бағалауымыз керек.

Сондай-ақ ағамыздың батыр бабаларына ұқсап қажетті, тағдырлы, сын сағаттарында батырлық, батылдық көрсе­тетін жүректілігі, жігерлілігі де бар.

Мысалы, 1958 жылы біздің облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Сужиков Семейге басшылық қызметке сайланып, Қызылорда облыс­тық партия комитетінің бюро мүшелерін түгел Алма­тыға шақырып, Қазақстан Ком­партиясы орталық комитеті­нің екінші хатшысы Фазыл Кәрі­бжанов ендігі жаңа бірін­ші хатшының кандидату­расы жөнінде пікір сұрайды. Бюро мүшелерінің көпшілігі облыс­тық кеңес атқару комитетінің төрағасы Ізмұхамед Еділбаев­тың кандидатурасын ұсынады. Тек Ыдырыс Қалиев қана бір өзі облыстық партия ко­ми­­те­тінің екінші хатшысы С.Оспанов болсын деп жал­тақ­тамай батыл, жігерлі, қажыр­лы ұсыныс жасайды. Осы­лайша С.Оспанов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады.

Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші хатшысы кезінде Ы.Қалыұлы одақтық екпінді құрылыс ЦКЗ-ның (кейіннен бір өзі комбинаттың жарты қала» атанған целлюлоза картон зауыты) штабын басқарады.

Бір кездері қаржының дұ­рыс шешілмеуінен, жұмыс­шылар 3 ай жалақысын ала алмай, құрылыс қарқыны төмендеп, жұмыстың берекесі кете бастайды. Сонда штаб бастығы, ол кезде қала оңтүс­тік өлкеге қарайды, өлкені, республиканы аттап тікелей Мәскеуге дабыл қаққан жеделхат жолдайды. Мәскеудің араласуымен бұл өткір мәселе 2-3 күнде оң шешімін табады, бірақ Ыдырыс Қалиевтың бұл «партизандығы» өлке, респуб­лика басшыларына ұнамай ол партиядан шығып, қызметтен босап қала жаздап, өлке, рес­публика басшыларының кең­дігінің, кешірілімдігінің, әді­лет­тіліктің арқасында аман қалады. Ыдыкеңнің осы тәрізді ерліктері аз болмаған.

Ол қаланы, облысты бас­қар­ған кезең сол заманның талабы мен мүмкіншіліктеріне сай аймақтың өсу, өркендеу жылдары болды. Қызылорда плотинасы, целлюлоза-картон, силикат-кірпіш, экспериментальды жөндеу және Рисмаш зауыттары, ТЭЦ-6, тоқылмайтын маталар фабрикасы, конструкциялық-қабырға материалдар комбинаты, элеватор, Шалқия кен орны, Шиеліде уран өндіру өндірісі іске қосылды. Қызыл­орда қаласында алғашқы көше­лердің асфальтталынуы, су құбырларының, кәріз жүйе­лерінің, алғашқы көпқабат­ты үйлердің, Гагарин, Титов, Ақмешіт, Мерей, Оң­түс­тік шағын аудандардың салынуы­ның басында Долдаш Алисов пен Ыдырыс Қалиевтің тұр­ғандығы облыс халқының, қала тұрғындарының жадында мәңгі сақталары сөссіз.

Бірнеше құрылыс, мелиорация трестері мен бірлестігі құрылып, ондаған өндіріс орын­дары ашылып, Түгіскен, оң жаға, сол жаға, Қазалы күріш массивтері инженерлік жүйеге келтіріліп, пайдалануға берілді. Арал, Қазалы, Қызыл­орда қаласында теледидар мұнаралары тұрғызылып, облыс халқы көгілдір экранды көру мүмкіншілігін алды.

Асқар Тоқмағамбетов атын­дағы мәдениет үйі мен Нартай Бекежанов атындағы драма театрының, Ғани Мұратбаев атындағы стадионның салынуы облысымыздың мәдени өміріндегі елдің есінде қалған елеулі уақиғалар болды.

Бір сөзбен айтқанда об­лы­сы­­­мызда ХХ ғасырдың екін­­ші жартысында атқарыл­ған бар­лық игілікті, ізгілікті істер­де Ы.Қалиевтің қолтаңба­сы­ның барлығы баршаға аян ақиқат.

Біздің Сыр елі үшін тағ­дыршешті тарихи оқиға жайлы Ыдыкеңнің өзі жазған кіта­бына сол кездегі КСРО ас­та­насы Мәскеу қаласында ар­на­йы іссапармен болып, ай­мағы­мызға қатысты өміршең мәсе­лелерді шешу үшін одақтың мүйізі қарағайдай астық да­йындау министрі, 74 жастағы Коломенко (бұл дөй дөкей сол кездегі КСРО-ның бірінші басшысы М.С.Горбачевты Ульяновскіде жастайынан қызметте тәрбиелеп өсірген «батькасы» екен), мұнай газ министрі Черномырдин, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, әлемге әйгілі академик, ма­шина-құрылысы министрі Слав­ский, темір жол министрі Конарев, тағы басқа биік лауа­зым­ды тұлғалардың ресми қа­был­­дауында болып, тіл табы­­сып, түсінісіп, келісім­дерін а­лып, маңызды құжатқа қол­дарын қойғызып, түйткілді мә­се­­ле­лерін оңтай­ландыруға бай­ла­нысты былайша баяндайды:

«...Осы жайды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Әуелбековке тегіс баяндап, телефон арқылы жеткіздім. М.С.Горбачевтің келісімі керек, мен оған шыға алмаймын дедім. Шамамен бір сағат уақыт өткенде Н.Рыжков (одақтық үкімет басшысы) маған кірсін деді. Кабинетіне кіріп едім, ол кісі жылы қабақ танытып, бағанағыдай емес көңілді. Бетіме бір қарады да, ұсынған қаулымды алды.

Бұл 1986 жылдың 26 жел­­тоқ­саны еді. «Об уско­рен­ном социально-эконо­ми­­­ч­еском развитии Кызыл­ор­­дин­ской области» («Қы­зыл­­ор­да облысының әлеу­мет­­тік-экономиялық дамуын жеделдету жөніндегі») қаулы­сына қолын қойды. Бұл облыс тарихында осы тақырыптағы алғаш рет қабылданған қаулы еді». Расында бұл мұнан кейін одақтық республикалық деңгейде дүниеге келген Сыр өңірінің дамуына қатысты және Арал экологиялық апат аймағы болып жарияла­нып, мұндағы халыққа қосымша қар­жылай көмек жасау жайлы маңызды үкіметтік шешім­дердің басы болды. Ал ең бастысы, сол арқылы міне, бақандай 30 жылдан ас­там уақыттан бері қызылор­далық­тар­ға негізгі күнкөрістің көзі, олжалы нәпақасы болып келе жатқан Құмкөл мұнай кені­шінің ашылуына осылайша берік негіз қаланған болатын.

Ол қолына алған қай істің де берекесін кіргізіп, беделін көтеріп, бағын жандыратын ұтқыр ұйымдастырушы, іскер басшы еді. Ол елдің бағын баптай білген, жоғын жоқтай білген, дұрыс сөзге тоқтай біл­ген, халықтың сенімі мен үмі­тін ақтай білген, әрқашанда қара халықты жақтай білген, бас­шы болды. Сондықтан да елі­не елеулі, халқына қалау­лы, рухы биік, жаны да, тәні де таза, қазақтың нағыз нар тұлға­лы азаматы атанып тарихта қалды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Ы.Қалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы, Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына алты рет, Қазақстан Компартиясы съездеріне, КОКП-ның XXVII съезіне делегат болып сай­ланған. Сонымен қатар Тәуел­сіз Қазақстанның «Құрмет» ор­де­німен, «Ерен еңбегі үшін» және тағы да басқа медальдарымен марапатталған. Қызыл­орда облысының, қала­сы­ның, Қазалы, Арал аудан­­дары­ның құрметті азаматы, Сыр өңірінің бас батагөйі болды.

Ағамыз ешуақытта іс-әре­кет­сіз қолын қусырып отыра алмайтын, тынымсыз бейнеткер, еңбекқор адам еді. Ыдыкең зей­нет­керлікке шыққасын есігі­­нің алдына көкөніс, бау-бақ­ша ек­ті, мал бақты, облыс көлемін­де өтетін барлық саяси, әлеу­меттік, халық­тық, мемле­кет­тік шара­лар­дың бәріне бел­сене қатысып, сөйледі, сұхбат, бата берді, мақала, кітап жазды.

Жалаңтөс баһадүр қорын құ­рып, оны 20 жылдың үс­тінде басқарды. Аталған мер­зімде қажымай, талмай, шар­шамай-шалдықпай ұлы баба­сының рухын тербетумен, оны ұлықтау, ұлағаттау, атын тарих­та, ха­лық­тың есінде мәңгі­лік қал­дыру­дың саналуан шара­л­арын ұйымдастырумен болды.

Нәтижесінде Жалаңтөс Баһа­­дүрге арналған үш ғылы­ми-практикалық конференция өтіп, оның рухына арналып үш рет ас беріліп, кітап, кино шығарылып, Қызыл­орда қаласында ең көрнекті жерде, тоғыз жолдың торабында теңдесі жоқ тамаша ескерткіш орна­тылды, аты шаруа­шы­лық­қа, мектепке, Алматы және Қызылорда қала­сын­дағы көшелерге берілді. Енді келешекте бабаның ес­керт­­­кішін Астанада қою м­әсе­­ле­­­сін белсенді түрде көте­ріп, із­ба­­­сар­­ларына аманаттап қойған.

Ыдырыс Қалыұлы соңғы жылдары елдің, халықтың жағдайы жөнінде, Жалаңтөс Баһадүр бабасының мәселесі­мен екі рет Елбасының қабыл­дауында болды. Жеңістің 65 жылдығына байланысты Мәскеудегі, Бейжіңдегі әскери шерулерге қатысты.

Өз басым Ыдыкеңді көп жылдан бері жақсы білемін, ақиқатын айтсам, жақсы көре­мін. Бұрын ат үстінде, қызмет бабында, ал енді соңғы 20 жылдай күнде, күнара дерлік етене араласып, бірге жүріп, біте қайнасып, тұздас, дәмдес, сырлас, сыйлас болып бір-бірімізге тілектестік жағ­дайда да жүріп жаттық. Ептеп, сыпайы майдан қыл тарт­қанд­ай етіп, әзіл айтып қоя­тын да нәзік назымыз бар-тын.

Енді міне бүгінде біз был­тыр­ғы жылқы жылы тоқсан­ның үшеуінде бақилық­қа аттан­ған абыз ағаның асыл сөзін де, өзін де сағынып жүрміз...

Ағамыз біздің ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұрпағы, тұлпардың тұяғы, абыз ақса­қалы санатында Қазақ елі тәуелсіз­дігінің тұғырлы болуына рухани дем беріп, ақ тілеулі батасын арнап кетті.

Сейілбек ШАУХАМАНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

17.08.2018

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

17.08.2018

Сапар Өтемісұлы туралы сыр

17.08.2018

Күншуақ қаласындағы жазушы

17.08.2018

Тұлға тағылымы

17.08.2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

17.08.2018

Қостанайлық диқандардың биылғы кеусені 5 миллион тоннадан кем болмайды

17.08.2018

Тілтолғақ пен тілтұтқа

17.08.2018

Елімізде халықаралық музыкалық байқау басталады

17.08.2018

«Шахтер» саябағында салынған бассейн құрылысы қала тұрғындарын таңғалдырды

17.08.2018

Жезқазғандағы жекеменшік Диснейленд

17.08.2018

Еуропа лигасы: «Астананың» плей-офф кезеңдегі қарсыласы анықталды

17.08.2018

Қазақстанда ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өтеді

17.08.2018

Астанада Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті

17.08.2018

Абай әлеміне саяхат

17.08.2018

Батыс Қытай айшықтары

17.08.2018

Рудныйда Челябі облысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

17.08.2018

Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми-әдеби еңбектері қамтылған 11 томдық кітабының тұсаукесері өтті

17.08.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

17.08.2018

Польша президенті Еуропарламентке сайлану туралы заңға вето қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу