Бурабай – Сарыарқаның раушан гүлі

Егемен Қазақстан
25.09.2018 7585
2

Таңғы мөлдір ауа тұп-тұ­нық екен. Көкі­регіңді толтырып қанша жұтсаң да құмарың бір қанбастай. Мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген, қолдың саласындай аққайыңдар тұмшалаған төңірек кілкіген көгілдір нұрға бөленіп тұр. Сарыарқаның төсінде үзіліп түскен бір шөкім жақұттай жарқыраған Бура­байдың баурайы демалыс маусымы аяқталып келе жатса да қыж-қыж қайнап жатыр. Сол қарақұрым адамдардың бір парасы спортшылар. Бурабайдың спортшыларды өзіне тартатын жөні де бар. Оның ең бастысы, үстіміздегі жылы пайдалануға берілген, өз еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдің тау шаң­ғысы спортының жілігін шағып, майын ішкен мамандарын елең еткізген – «Бурабай» халықаралық спорт базасы. Баспасөз турына қатысушылар алдымен осы жермен таныс­ты. Аумағы 125,54 гектарды алып жатқан ке­шен қалам ұстаған қауымды таң-тамаша ет­кені де рас. 
Елімізде теңдесі жоқ спорт кешенін салуға 38 миллиард теңге қаржы жұмсалыпты. Есесіне әлем таң қалатын тамаша дүние пайда болған. Таратып айтатын болсақ, шаңғы жолы, 90 және 152 метрлік биіктіктен секіру тұғыры, 200 орындық қонақ үй, 250 орындық асхана, жүзу бас­сейні, дәрігерлік-сауықтыру орта­лығы бар. Қай нысанның ішіне кірсең де көркі көз арбап, жайнап тұр. Төңіректің бәрі абаттандырылып, өзгеше кейіпке енген. Ша­ғын мүйістегі салтанат сәл ұзап барып Бурабайдың табиғи көркімен астасқан сәтте әдемі ансамбль құрайды. Қалың қарағайды қақ жарып өтетін күре жол тау иығынан асып барып көгілдір әлем­ге, қырандар ғана самғайтын биіктікке сіңіп кетеді. 
Шаңғы базасында оқу-жатты­ғуларын өткізіп жатқан спортшылар көп. Солардың бірімен тіл­дестік. 
– Ғажап қой!–дейді Павлодар облы­сынан келген шаңғы спорты­ның аға жат­тықтырушысы Алек­сандр Курсаков,– оқу-жаттығу сабақ­тарын өткізіп жатырмыз. Бұл жерде жалғыз тау шаңғысы ғана емес, қос сайысқа, триатлонға да мол мүмкіндік ту­дырылған. Біздің жас спортшыларымыз аз уақыттың ішінде бауыр басып қалды. Дәл мынадай мүмкіндік тудырылған жерде қалайша жақсы нәтиже көрсетпеуге болады. Мен сіздерге айтайын, дәл осындай кешен алыс-жақын шетелдерде де кездесе бермейді. 
Бурабай курортын дамытуға игі әсерін тигізетін қомақты шаруа­ның бірі осы. Не­гізінде төл табиғаттың да қауқары аз емес, өйткені, осы өлкенің әр тө­бесі, әр белесі тұнып тұрған тарих. Бөлектаудың басына көтерілдік. Бір шоғыр болып тұрған Бурабай тауларынан заңғар басын ала қашып шығысқа маңдай тіреген Бөлектаудың жаратылыс жайы туралы сан түрлі аңыз бар. Жастық шіркін биікке құмар емес пе? Әріптестеріміздің бәрі дерлік қарағайлы орман ішіндегі жалғыз аяқ соқпақпен бітімі бөлек жаратылған тау басына көтерілді. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өткен тарихтың өнегелі тұстарын қамырдан қыл суырғандай етіп сәтімен сабақтап айтып келеді. Мүлгіген тыныштық құшағында, қалың қарағайдың ортасында көне дәуірдің күмбірі әдемі әсер етеді екен. Діңіне құшақ жетпес, жартасты қақ жарып өскен қарағайдың арғы жағынан әлдекімдер сығалап тұрғандай. Ентіге басып таудың ұшар басына да жеттік. Биіктен төмендегілер айқын көрінеді екен. Кеңістік ашылып сала берді. Әне иек астында майда толқындары жаға­лауға асыққан Айнакөл жатыр тебіреніп, өр тұлғалы Оқ­жетпес ше? Жетім тоқтының жаба­ғы жүніндей үрпиген бұлттар үде­ре көшіп биігіне байланған екен. Суға қарап сылаңдайды жарықтық. Менің өр тұлғамды, оқ жет­пейтін биігімді көрдіңдер ме дегендей. Оқжетпестің сұлулығын сипаттауға сөз жетпес. 
Мұнан соң «Визит центр» деп аталатын Бурабайдың бағалы жерлері туралы бір демде көз алдыңа көп суретті, көрікті суретті, көне тарих пен қасиетті топырағы туралы ақпаратты беретін орта­лық­та болдық. Әсері сұмдық. Бұ­рын Бурабайда болып көрмеген кейбір әріптестеріміз әрненің жайын сұрап, қызығушылық танытып жатты. Бурабайдың бауырында зерек көңілде сабақталар сыр көп қой. Бұрынғының үстіне жаңа мазмұн үстейтін жаңалық та аз емес. Соның бірі аспан астындағы «Ботай» музейі. 
Археолог ғалымдардың айтуына қара­ғанда, Солтүстік Қазақ­стан облысына қарасты Айыртау ауданының Никольское ауылынан бір жарым шақырым жердегі сонау энеолит дәуірінде Қазақстанның солтүстігін мекендеген тайпалар мәдениетінен тылсым сыр шер­тетін көне қоныс – талай құпияны қойнына тығып жатқан ежелгі мекен. Қазіргі күні аумағы 15 гектар жерді алып жатқан ежелгі адамдар қонысынан 150-ден астам үйдің орны табылған. Сол жерлерде көне тарихтың көмбесінен көсіп сыр ұғуға тырысқан ғалым­дар осы бір ежелгі тұрғынжайларды қазып, қайтадан тұрғызуға мүм­кін­дік алған. Ежелгі көріністі, салт-дәстүрді, энеолит дәуіріндегі адам­дардың тұрмыс-тіршілігін анықтау үшін. Ботайдағы бағалы қазынаның сұлбасы, яки көшірмесі биыл Бурабайдың етегіне салынды. Өйткені, мұнда келімді-кетімді кісі көп. Әрі көне дәуірдің көрінісін көргісі келгендердің ат­басын бұруына септігін ти­гіз­бек. Тұрғынжайлардың қабыр­ғасының ені бір метр шамасында, ал, биіктігі 70-90 санти­метр мөлшерінде. Қабырға пери­метрлері бойынша бөренеден өрілген, түтін шығатын шаңырақ пішіндес тесік жасалған. Кәдімгі қазақтың киіз үйлері кейпінде.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бурабай баурайындағы туризм индустриясының даму қоры­тындылары туралы және бо­лашақты бажайлаған жоспарымен жұптап баспасөз мәслихатын өт­кізді. Шешен өз сөзінде ту­ризм­нің экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде бүгінгі таңда серпінді дамып ке­ле жатқанын екпін түсіріп атап өтті. Дәл қазір облыстың турис­тік кластерінде 700-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Тартымдылығына орай негізгі аймақтар анықталып отыр. Ал жалпы туризм индустриясын дамытудың Жол картасы шеңберінде жеті негізгі бағыт бойынша 119 іс-шара жоспарланған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, қызмет көрсету сапасы сертификатталған қонақ үйлердің саны бес есеге көбейді. Бұл арада мына бір жайды айта кетуіміз керек, жаз­ғы маусымда Бурабай бау­райында қанша туристің дем алғанын дөп басып айту қиын. Өйткені, Бурабай кентінде жалға берілетін жекеменшік орындар өте көп және іргедегі Ресей тәрізді жақын шетелдерден келген демалушылардың шатыр тігіп те жата беретіндігін ескеру керек. 
Соңғы жылдары Бурабайдың беделі асып тұр. Оған ең алдымен туристерге қызмет көрсетудің сапасы жақсарғандығы әсер етіп отыр. Бизнес құрылымдар инвестиция құя бастады. Мәселен, «Щучинск» шипажайын қайта құруға бір миллиард теңге қаржы жұмсалған. Сондай-ақ тамыз айында «Архей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 400 миллион теңге тұратын денсаулық сақтау кешені де пайдалануға беріледі. Бурабай кентінде жабық су паркін салу басталмақ. 
Туризм саласындағы индус­трия жүзден астам нысанды қам­тиды екен. Жалғыз Бурабай ғана емес, облыстың өзге аудандарында да ауыз толтырып айтарлық істер қолға алынуда. Мәселен, үсті­міздегі жылы Аршалы ауда­нында «Бейбарыс» демалыс орталығы ашылды. Мұндай жақсы мысалдар аз емес. Облыстың тур операторлары тарихи және көрікті орындарға бірқатар туристік бағыттарды әзір­леді. Биыл соның игілігін де көрді. 
Баспасөз мәслихатында облыс әкімі Мәлік Мырзалин биы­л­ғы жылдың табысты бол­ған­дығын, алдағы уақытта қан­дай игі шаруалардың қолға алы­натындығын тегіс айтып берді. Ен­дігі арада туризмді дамыту мық­тап қолға алынбақ. Ол үшін барлық жағдай бар. Бурабайдың баурайы ел экономикасына серпін беретін салаға айналмақ. Бағзы заманда Біржан сал атамыз «Жер шоқтығы – Көкшетау, бауыры толған көкше бау. Төңірегің сексен көл, иісің жұпар аңқиды-ау» деп жырлаған болатын. Жер шоқтығы ел шоқтығын биіктетуге септігін тигізіп жатса, тіпті тамаша емес пе?!

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы, 

Бурабай ауданы 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу